Студенттік жатақхана

Студенттік жатақхана (Вкладка)

loading...
Сипаттама
Жатақханаға орналасу

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне қарасты 2 Студенттік жатақханалар бар. №1 (Төле би, 60) Студенттік жатақхана – 510 орын, №2 (Жамбыл даңғылы, 16А) Студенттік жатақхана – 422 орынмен қамтылған.

«Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге жатақханадан міндетті түрде орын беріледі). Ең бірінші орында мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе бірінде мүгедектігі барлар; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар; сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын қандастар; «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар; ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылары; білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі. 

Студенттер жатақханаға орналасу кезінде «Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары» екі тілде түсіндіріледі. Оларға жеке-жеке әр қайсысының қолына ереже (памятка) беріліп, студенттерге Жатақханада тұру қауіпсіздігін сақтау мақсатында өртке қарсы бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, сонымен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайлары мейлінше жақсартылған. Студенттер үйінің тұрғындары ғаламтор ресурстарын қалыпты қолдану және спорттық-мәдени іс-шаралармен айналысу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер жатақханаларында оқытушылар кезекшілік міндеттерін атқарып, Студенттік кеңестері мен Студенттік старостаттарының да жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда. Жатақхана студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шаралар ұйымдастырылады.

Төменде көрсетілген санаттарға жататын студенттерге университет әкімшілігі тарапынан студенттік жатақханаларда тегін тұру мүмкіндіктері қарастырылған.

  • мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар;
  • бала кезден мүгедектер;
  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалар;
  • жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жатақханаға орналасуға онлайн-өтінімдерді қабылдау

Жатақханаға орналасуға онлайн-өтінімдерді қабылдау Студенттерге қызмет көрсету орталығының порталында жүзеге асырылады: https://platonus.dulaty.kz

Студенттік жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар

1. Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2. Анықтама:

  • отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
  • ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
  • отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

3. жеке басын куәландыратын құжат (және оның көшірмесі (салыстыру үшін).

НАЗАРЫҢЫЗҒА!

Студенттер үйінде тұруға жолдаманы алу үшін, сіз тұру ақысын төлеуіңіз қажет. Төлемдер Халық банк және Jusan bank бөлімшелерінде жүргізіледі. Жолдаманы алғаннан кейін 3 жұмыс күн ішінде Студенттер үйіне  орналасу қажет. Белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, жедел (автоматты)түрде студенттер үйінен шығарылады.

ӨТІНІШ

Дулати университетінің Студенттер үйінен орын беруге Жолдама

Окозание автоматизированной услуги по оказанию мест в общежитий

Жатақанаға орналасу кезіндегі қажетті құжаттар:

- Жолдама;

- Тұру ақысының төленгені туралы түбіртек;

- Эпид. орта туралы анықтама

- Жеке куәліктің көшірмеcі;

- Сурет 3х4 (2 дана).