Новости

«Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен "Хореография" мамандығының және "Томирис" хореографиялық би ансамблінің 25 жыл толуына орай  Жамбыл облысының тумасы, Қазақ КСР  еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Халық  әртісі, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Дәурен Әбіров Тастанбекұлының  атындағы хореографиялық залының ашылуы өтті.

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Шымкент қаласында өткен FUTURE MAKERS хакатонына қатысып Сейдазимов Айбек пен Краснобаев Никита Шымкент 1-орын иеленді!

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының бұйрығы бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 19.05.2025 жылғы №742 бұйрығымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы Калмаханова Маржан Сеитовнаға 10300– Химия ғылымдары бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы аясында «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» пәнінен XVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

Университет қабырғасында 5 мамыр мен 20 маусым аралығында 240 сағатты қамтитын ақылы негізде шетелдік азаматтарға арналған жеделдетілген қазақ және орыс тіліндегі (А1 деңгейі) курстың ресми ашылуы өтті.