Corporate governance

ЕРКІНБАЕВА ЛӘЗЗАТ ҚАЛЫМБЕКҚЫЗЫ

Басқарма Төрағасы – Ректор, Директорлар кеңесінің мүшесі

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – Ректор.

1989 жыл С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.

Еңбек жолы:

1989 ж. – С. М. Киров атындағы ҚазМУ азаматтық құқық кафедрасының лаборанты;

1989 – 1992 Әл-Фараби атындағы ҚазМУ аспиранты;

1993 – 1995 Әл-Фараби атындағы ҚазМУ ауыл шаруашылығы және экологиялық құқық кафедрасының ассистенті;

1996 – 1999 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы;

1999 – 2002 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасының доценті;

2002 – 2011 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасының  меңгерушісі;

2011ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  меңгерушісі;

2011 – 2018 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің  бірінші проректоры – оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша проректоры;

2018 – 2023 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының   профессоры;

2023 – 2024 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Басқарма мүшесі - академиялық сурақтар бойынша проректор;

2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының   профессоры;

2024 ж мамыр-шілде айлары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкері;

2024 – 2025 М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректор.