Орынбаев Сейтжан Әуесжанұлы
Член Правления - Проректор по науке и цифровизации и.о
Контактный телефон: 8(7262) 45-04-28
E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.
Адрес: г.Тараз, ул.Сулейменова, 7
1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты «Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген инженер-электрик.
2006 жылы А. Яссауи атындағы ХҚТУ-де Заң бакалавры, 2009 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылы «6D071800 – Электроэнергетика» мамандығы бойынша «Төмен қуатты көлденең білік типті автономды жел электр станцияларын жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде қорғап, Рһ докторы ғылыми дәрежесін алды.
1997-2012 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де ассистент, аға оқытушы, институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2015 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да докторантурада оқыды.
2015-2021 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың қашықтықтан білім беру факультеті деканының орынбасары;
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры қызметін атқарды.
165-тен астам ғылыми, әдістемелік жұмыстардың, мақалалардың, соның ішінде 19 өнертабыстың, 5 монографияның, 2 оқу құралының және Scopus базасында 13 мақаланың авторы. Хирш индексі - 3.