Факультет жаңалықтары (Педагогика)

14 ноября 2025 года в онлайн формате прошел научный семинар «практическая философия в движении» совместно с Таразским университетом им.М. Х. Дулати, Казахским национальным университетом им.Аль-Фараби и Евразийским национальным университетом им.Л. Н. Гумилева.

Мероприятие было организовано в рамках научного проекта AP23485390 «практическая философия: интегральное образование и концептуальная метамодель дизайн-мышления в преподавании социально-гуманитарных дисциплин», финансируемого Комитетом науки МОН РК. Основная цель семинара Обсуждение современных подходов к интеграции практической философии и дизайн-мышления в образовательный процесс, определение новых направлений философской рефлексии и представление инновационных моделей в преподавании гуманитарных дисциплин.

Модератор семинара-Ермагамбетова Куралай Сергабыловна, опытный философ, квалифицированный специалист в области образования. Она занимается научно-исследовательской работой по направлениям практической философии, этики и современной методологии образования. Куралай Сергабыловна провела семинар на высоком профессиональном уровне, что позволило провести содержательную и эффективную дискуссию между докладчиками и слушателями. Его модераторская деятельность повысила научный уровень мероприятия и укрепила дискуссионную культуру. Содержание докладов Куранбек Асет Абаевич Пути формирования P4C, казахстанская модель Обсуждались вопросы адаптации программы "философия для детей" (P4C) к национальному контексту, подчеркивалась важность формирования культуры рефлексивного мышления. Аташ Берик Муратович Методика обучения творческому и критическому мышлению в гуманитарных дисциплинах Спикер предложил методологические подходы, направленные на развитие аналитических навыков современных обучающихся. Нурадин Гульхан Болатовна Практическая философия и интеллектуальная деятельность в движении Высказывались новые взгляды на динамический характер практической философии и ее связь с интеллектуальной деятельностью. Аккулиева Асия Ертаевна Ценности морали и ответственности в эпоху цифровизации. Философски проанализированы моральный выбор, цифровая этика и новые формы ответственности в цифровом обществе.

Результаты семинара Семинар позволил глубже понять теоретические и методологические аспекты практической философии. А также: предложены конкретные пути интеграции философского мышления в систему образования; продемонстрирована эффективность использования методов дизайн-мышления; разработаны практические рекомендации, которые могут быть использованы при изучении социально-гуманитарных дисциплин. Мероприятие обеспечило обмен опытом между участниками, усилило научно-теоретическую и прикладную значимость проекта.

Благодарим всех присутствующих спикеров и слушателей! Наши исследования по внедрению практической философии в образовательное пространство будут продолжены.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екенін атап өткен. Шын мәнінде қайырымдылық қорларының жандануы біздің кафедрамыз сияқты еріктілерге тікелей байланысты.

«Ұстаз» институтының «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің практикалық сабақ кезіндегі орындаған шығармашылық жұмыстарын «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының қайырылымдық қорына табысталды. Шығармашылық жұмыстар экологиялық таза, табиғи заттардан студенттің қиялынан туындаған ойыншықтар, қуыршақтар, гобилендер және тағы басқа да 30- ға жуық белдемше тігіп апарып бердік.

Жалпы «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымы от пен судың ортасында жүретінін бәріміз білеміз, сондай-ақ, ол қоғамдық ұйымның балаларға айрықша қамқорлық жасайтыны белгілі. Осыған орай «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің 60 тан астам қол өнер шығармашылық жұмыстары табысталды.

«Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының басшылығы М.Х. Дулати атындағы өңірлік университет басшылығына және «Ұстаз» институтының директоры О.К. Жолдасоваға алғысын білдіруде. 

Медиа-қызмет

2021 жылы 4 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақтың аяулы қыздары» атты тағылымдық дәрісін өтті.

Дәріске студенттер, оқытушылар және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты. Дәріс барысында қазақ халқының батыр, ер жүрек, ақын, жазушы, сазгер, ғалым қыздарының ел игілігі үшін атқарған, тарих бетінде қалған еңбектері мен өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар,  жерлесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, сазгер, жазушы, ғалым-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Айымгүл Меңжанованың өмірбаяны мен еңбектері жайында студенттерге жан-жақты мәлімет беріліп, өлең жолдары мен әндері айтылды. Ақын Айша Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдық мерейтойына арналып жыр шумақтары ақтарылды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорт менеджменті» кафедрасының оқытушылары «Ұстаз» институтының 1 курс студенттері арасында Наурыз мейрамына арналған, «Наурыз Шапағаты» ұранымен тоғызұмалақ, асық ату және осы кафедраның оқытушылары әзірлеген зияткерліктің жаңа түрі «Қазақ шаңырағы» ойыны бойынша жарыстар ұйымдастырды және өткізді.

Бұл іс-шараға «ФКТС», «ХРГ», «Бейнелеу өнері» және «Музыка» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты. Жігіттер арасындағы мергендік сайысында келесі оқушылар ерекше көзге түсті: 3 орын - Үмітберген Наурыз, 2 орын - Тұңғышбек Бақдәулет және 1 орынды Суратай Руслан иеленді. Тоғызұмалақтағы орындар келесі ретпен бөлінді: 3 орын - Сейітқадыр Ермек, 2 орын - Құдайберген Жүсіп, ал Серік Айдана осы спорт түрінің бас жүлдегері атанды. Эрудиттер арасында: Алшора Нұрбол - 3 орын, Алпысбай Жазира - 2 орын және Арыстан Оразалы - 1 орын. Үш түрде де барлық жүлделерді «ФКТС» мамандығының студенттері алды, біз осы жарыстардың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз. 

Болат Копбаев

«Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы

М.Х. Дулати атындағы Тараз  өңірлік университеті  «Ұстаз» институты, «Білім берудегі» менеджмент кафедрасның ұйымдастыруымен «Мен педагог мамандығын таңдаймын!»  аты  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізіліп, үздік жас түлектер анықталды.

Педагогикалық олимпиаданың  мақсаты –  цифрлы Қазақстан жағдайында  үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру  мақсатында  педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Мақсаты негңзге ала отырып түлектеріміздің арасынан «ЕҢ үздік» түлекті анықтау үшін жарыс бірнеше турдан тұрды. Атап  айтсақ:

  1. «ВИЗИТКА» «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» авторлық бейнеролик.
  2. «ЭРУДИТ» білімділер сайысы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТУР.
  3. «Егер мен ПЕДАГОГ болсам ...»инновациялық авторлық жоба.

 «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының     меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубаков өз сөзінде, ҚР Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» –  деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бүгінгі олимпиадада әрбір түлектің білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дей келе,  барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Республикалық олимпиадаға  қатысушылар еліміздің әр өңірінен қатысып өз бақтарын сынады.  Дегенмен, үлкен дода болғандықтан   «Ең үздік» жұмыстар таңдалып алғашқы тур «ВИЗИТКА» «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» авторлық бейнеролик арнайы әлеуметтік желілерге түлектеріміздің жұмыстары жарияланып, көремендерге, тыңдаушыларымызға көзайм болды.

 Болашақ жастарымздың жанарындағы алауы, күш жігерлері,сенімділктері мен алғырлықтары тұла бойларынан көрініп тұрды. Әр турдан өткен жас түлектеріміздің   алғырлығы, креативтілігі, білімділіктері мен өздерне деген сенімділктері куә  болдық.

«ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалды турда түлектеріміз оқытылған пәндері бойынша  тест  тапсырып білімділіктеріне сәйкес бағаланды. Бұл турда мектеп оқушыларының теориялық білімдері бағаланды.

Қатысушылар бейіндік  пәндер бойынша тест сұрақтарына жауап берді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша  таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтыды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері).

«Егер мен ПЕДАГОГ  болсам ...»инновациялық авторлық жоба тур бойынша түлектеріміздің болашақ арамандары, жүрек жарды неттері, таза, әділ сенімдері  бізді тәнтті етті. Түлектеріміз болашақ  педагог ретінде,  қазіргі елімізде  болып жатқан  әлеуметтік жағдай, білім сапасы, еліміздің салуатты өмір сүру салты, ұлт тәрбиесі, мәдениеті, өнері т.б барлық жағдайлар қамтылып үлкен ой салды. Осындай еліміздің дара туған  жастарыннан  ер жүректілікті қайраттылықты көріп  қуандық. Себебі еліміздің болашағы жастарда!

 Жүзден-жүйрікті анықтау  оңай болмады, бірақ дода болғандықтан жеңісте,жеңілісте болады емеспе?! Әр тур бойынша  жинақталған  ұпай бойынша  түлектеріміз жүлделі орындары иеленді. Айтар болсақ:

Көктал орта мектебі КММ түлегі Сарсенов Саят, Тараз қаласы, Ш.Смаханмұлы атындағы 44 мектеп түлегі Тұрсынбай Арай, №14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектеп түлегі Лесбек Диана, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназия түлегі Павлова Лиана ІІІ жүлделі орынға ие болды.

№10 Күреңбел орта мектебі түлегі Серікмахамбет Анеля, Көктал орта мектебі КММ түлегі Бейсен Инабат ІІ орынға жайғасты

Көктал орта мектебі КММ түлегі Жақсылық Қарақат өзінің таланты мен білімінің, жаңа идеяны жеткізу шеберлігі арқасында І орынды иеленді.

Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады. –демекші өзінің алғырлығымен жан-жақтылығымен,  сындарлы ойлауымен, сауаттылығымен, әртістік шеберлігімен ерекше көзге түскен Тараз қаласы, Ш.Смаханмұлы атындағы 44 мектеп түлегі Шаяхмет Асел бас жүлдені жеңіп алып «БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ – «DULATY 2021» грантына үміткер деп танылды. 

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!»  атты Республикалық  педагогикалық олимпиадасына   онлайн қатысқан барлық түлектер арнайы  СЕРТИФИКАТПЕН марапаталды. Ал топ жарып, үздік шыққан алғашқы ондыққа ілікккен қатысушылар  арнайы  ДИПЛОММЕН  марапаталды.

Білімді жастар - еліміздің болашағы. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Білімді ұрпақ – еліміздің  болашағы,  ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып,ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ,елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып,тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық.

Сәттілік Сізге, жас түлек!

Бұл әр түрлі түзету әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейтін мамандар. Олар балалар мен ересектермен жұмыс істейді. Мысалы, инсульттан зардап шегетін қарт адамдар өте жиі ауызша сөйлеу қабілеттерін жоғалтады, мұндай жағдайларда бір мамандық айрықша болады - логопед! Ол жеке бұзылу жоспарын жасайды, оған сәйкес, сөйлеудің кемшіліктері жойылады, мысалы, қисық, қаттылық немесе лақтыру. Іс жүзінде барлық кішкентай балалардың осындай қиындықтары бар, олар қартайған сайын олардың көпшілігі өздерімен жүреді, бірақ кейбіреулері арнайы көмекке мұқтаж.

Логопед - салыстырмалы түрде жаңа мамандық, ол шамамен 50-60 жыл бұрын пайда болды, адамдар тілмен сөйлесу проблемалары физикалық кемшіліктермен байланысты деп ойламаған кезде пайда болды. Батыстың дәрігерлері сөйлеу кемістіктерінің көрінісін сипаттайтын алғашқылардың бірі болды және ХХ ғасырдың ортасынан оларды жоюдың психологиялық әдістерін қолдануға кірісті. Заманауи әдістер қысқа мерзімде өте әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл мамандықтың қандай мамандықтарына жататыны айқын болуы керек. Логопед - дарынды мұғалім мен тәжірибелі дәрігерді біріктіретін адам. Ол сөйлеу кемістігінің себебін дәл анықтап, мәселелерді шешу үшін тиімді жаттығулар мен әдістерді дұрыс құрастыруы керек. Бұл үшін кәсіби логопед адам физиологиясының қалай ұйымдастырылғанын, атап айтқанда, сөйлеу жүйесінің құрылғыны және онымен байланысты патологияларды мұқият білуі керек. Сонымен қатар, жақсы маманға арнайы дағдылар болуы керек, мысалы, логопедтік массажды күлді және бұлшықеттің басқа мүшелерінің бұлшықеттерін босаңсу үшін жасау .

Сөзді терапевт болашақ мамандығы болып табылады деген сөзсіз. Өйткені, ол адамдарға дұрыс сөйлеуге үйретеді және сөйлеу адамзаттың барлық байланыстарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады: ол арқылы басқалармен сөйлесуге, ойларымен бөлісуге және ақпарат беруге болады.

Жиі сөйлеу бұзылулары бар адам өзін өзі ақаулы сезінеді, оның бүкіл өміріне теріс әсер ететін күрделі кешендер болуы мүмкін. Сол себепті «логопедтің» мамандығы сөзсіз, бұл мамандар сөйлеудегі көптеген кемшіліктерді жояды, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді және іс жүзінде адамның тағдырын өзгертеді. Бұдан басқа, олар психологиялық көмек көрсетеді: олар қоғамға қосылуға, адамның әлеуметтік өміріне бейімделуге және өзін-өзі жетілдіру жағдайында оның дамуына үлес қосуға көмектеседі.

Шын мәнісінде, логопед - бұл оқушыларға үлкен шыдамдылық пен түсіністік танытуға тиіс тәрбиеші. Сипаттағы ең маңызды қасиеттер - балаларға деген сүйіспеншілік, шыдамдылық, эмоционалдық тұрақтылық, тыныштық, қызығушылық, шыдамдылық, шыдамдылық және шыдамдылық, себебі бұл жұмыстың нәтижесі көбінесе өте ұзақ уақытты күтеді. Кейбір адамдармен көрінетін жетілдіруге қол жеткізу үшін 2-3 жылдан астам уақыт қажет.Балалармен жұмыс істеу жеңілірек болса, тез үйренетіндіктен, ересектерге қатысты жағдай басқаша. Олардың кемшіліктерін мойындауға және маманға баруға болады. Осы себепті кәсіпқой логопед әрбір адамға жеке көзқарас таба білуі керек, проблеманы ықыласпен анықтай білуі және науқастың сезіміне әсер етпей, бастапқы кеңес беруі керек. Демек, маманға кем дегенде адам психологиясының негіздерін білуге кедергі болмайды.

Логопед дәрігер жауапты болуы керек, себебі ол диагноз қою кезінде қате жасауға құқылы емес. Егер ол проблеманы дұрыс анықтаса және емдеудің тиімді емес әдісін тағайындаса, онда бұл пациенттер үшін нақты қайғылы болуы мүмкін: сөйлеу кемшіліктері уақытты түзету қабілетін жоғалтады, сондықтан кемшіліктерді уақытында түзету өте маңызды. Уақыт өтіп кетсе, олардан құтылу әлдеқайда қиын болады, сондықтан да логопедтің жауапкершілігі мол.

01.09.2021 ж. М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік унверситеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандық туралы мағұлмат бере отырып, жастарымыздың ел болашығы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.

Кеше ғана мектеп табалдырығын тәмандап, біздің жоғары оқу орынына түсіп, оның ішінде (әлеуметтік педагог және өзін өзі-тану мен дефектолог- логопед) мамандығын таңдап мемлекеттік грант жеңіп алған студенттерге жоғары оқу орынының талаптарын және студенттердің ережелерін, дәріс өткізетін аудиторияларды, кітап ханаларды т.б видео ролик арқылы таныстырдық. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын болашақ мамандарымыздың жанарларынан жалын байқадық.

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасынң меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Санай Гаухар Ералықызы 1- курс студенттерін келіп жеткен жаңа оқу жылымен құттықтап, болашақ мамандарымызға сәттілік тіледі.Сондай –ақ қоғам талабына сай таңдалған мамандықтың қыр-сырын таныстырып, келешекте болашағы жарқын маман иелері болатындарына сенім артты.

Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей кешегі мектеп бітірген тулектер, енді студент, болашақ маман! Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.

«Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажает ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Дамуында мүмкінігі шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеуде біздің мамандықтың алатын орыны ерекше. Жыл сайын саны артып келе жатқан, әр түрлі деңгейдегі балаларға жылулық сыйлау, оқыту, тәрбиелеу, қоршаған ортаға бейімдеу, мейіріммен қарап қол үшін беру болып саналады!.

Осылайша бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті! Құрметті әріптестер Сіздерді де жаңа оқу жылымен құттықтаймыз, жаңа басталған оқу жылы толағай табыстар әкелсін, жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!

«Арнайы және әлеуметтік педагогика»
кафедрасының аға оқытушысы Орал Г.О

«Анаға тағзым» орталығының «Інжу-маржан» әдеби үйірмесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институының бірлесуімен «Бірге талқылайық!» жобасы қолға алынған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы қазақ әдебиетіне, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.

Аталған жоба жоспарға сәйкес, айына бір рет жүзеге асады. Іс-шара барысында ортақ шешіммен таңдалған шығарманы талдау, оған қатысты пікір білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, өмірмен байланыстыру мазмұнындағы пікірлер ортаға салынады. 

«Бірге талқылайық!» жобасы «Ұстаз» институының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Кумисбекова Жазира Науатбекқызының бастамасымен, аталған мамандық студенттерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 4 қарашасында алғаш шымылдығын түрді. Бүгінгі отырысымыз Әзілхан Нұршайықовтың махаббат тақырыбындағы «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасына арналды. Пікірталасқа «Інжу-маржан» әдеби үйірмесінің жетекшісі Абылай Ғалия, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Кумисбекова Жазира Науатбекқызы, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері белсене атсалысты. Пікірталастың басты мақсаты – сіздер мен біз болып өткен тарихымыз бен бүгінгі заманға дейінгі қазақ тіліндегі жазушыларымыздың махаббат шығармаларын оқудағы қазіргі жастарымыздың көзқарастары мен ойларын ортаға салу. Махаббат дегеніміз не, оның түрлері, бұрынғы мен қазіргінің махаббатын салыстыру, махаббат тақырыбындағы шығармаларды оқыту арқылы жастарды сүйіспеншілікке, сүюге, мейірімділікке шақыру.

Пікірталасты барысында төмендегідей сұрақтар аясында ой-талқы өрбіді.
1. Жас жеткіншекті дұрыс жолға бастайтын, әсерлі, өнегесі мол, махаббат, достықты жырлайтын туындыны оқығанда қандай әсерде болдыңыз?
2. Қазіргі кездегі махаббат қандай? Ә.Нұршайықовтың кезіндегі махаббаттың ХХІ ғасырдағы махаббаттан айырмашылығы бар ма?
3. Шығармадағы Ерболдың адамгершілігі мен Меңтайдың инабаттылығы, ұстамдылығы, сабырлылығы қазіргі заманда өмір сүріп жатқан ұлдарымыз бен қыздарымызды таба аламыз ба?
4. Меңтайдың образынан өзін көре алған қыздар бар ма? Немесе еліктеушілік сезім пайда болды ма?
5. «Қызыл көрпе» деген кезде ойыңызға не түседі?
6. Шығармадағы достық, уәде беру, серт беру жағдайларына көзқарасыңыз қандай?
7. Шығармадағы дана, ақылды «АНА» бейнесіне тоқталсаңыздар?
8. Шығарманың соңында жазушы Меңтайдың өлімімен аяқтайды. Сол туралы ойларыңыз?
9. Сіз шығарманы қалай аяқталғанын қалар едіңіз?
Барлық қатысушылар берілген сұрақтар төңірегінде тұшымды ойларын, ашық пікірлерін еркін түрде ортаға салды. Соңында болашақ ұстаздар анаға деген махаббатын «Ана туралы жыр» әнін хормен орындау арқылы жеткізді.

Бүгінгі «БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!» кітап оқу жобасы өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Ұлттың үміті – сіздерсіздер, болашағы сіздерге байланысты! Саналы да сапалы, білімді елдің қашан да еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Олай болса келесі кездесуіміз желтоқсан айында өтпекші. Оқитын шығармамыз Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқу. Сондықтан да, осындай сүйіспеншілікке, ізгілікке, мейірімділікке, достыққа, адалдыққа шақыратын шығармаларды көп оқып, «БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!» кітап оқу жобасына келіп қатысуға шақырамыз.

«Мектепке дейінгі және бастауыш
білім беру кафедрасының аға оқытушысы
Кумисбекова Жазира Науатбекқызы