MOOC – оқу материалдарына ТЕГІН қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық онлайн курстар. MOOC бірқатар артықшылықтарға ие:
Курстар қаржылық және демографиялық жағдайына қарамастан барлығына қолжетімді;
Икемді курс кестесі, сіз қазір бастай аласыз және өз қарқыныңызбен оқи аласыз;
Басқа елдердің университеттерінің оқытушыларымен тәжірибе алмасу;
Жетекші әлемдік сарапшылардан білім алу мүмкіндігі;
Қазіргі, өзекті тақырыптар бойынша әртүрлі курстар;
Қазақстанда «Coursera Қазақ тілінде» бағдарламасы қолжетімді, оның аясында біздің студенттер әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне локализацияланған курстарынан өте алады. Бағдарламаға 3 жыл қатысу барысында біздің университеттің 6000-нан астам студенті платформада оқып, 7000-нан астам сертификат алды.
Сондай-ақ студенттер мен барша қалаушылар үшін Дулати Университеті өзінің МООК платформасын — moocs.dulaty.kz іске қосты, онда әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 60-тан астам онлайн-курс орналастырылған.
Әрбір сертификат — жаңа білімге, мүмкіндіктерге және кәсіби өсімге бастайтын қадам. Болашақ сіздің қолыңызда!