Новости

Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның жеңімпазы атанды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындауға арналған конкурсының нәтижесі бойынша PhD, қауымдастырылған профессор, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Калмаханова Маржан Сеитқызы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның жеңімпазы атанды.

Бұл жеңіс – Маржан Сеитқызының ғылыми еңбектерінің өзектілігін, зерттеу нәтижелерінің жоғары деңгейін және жас ғалым ретінде еліміздің ғылымына қосып отырған үлесін айқын көрсетеді.

Ғылым жолындағы еңбегіңіз бен табандылығыңыз жаңа биіктерге жетелей берсін! Құттықтаймыз!