Новости

Диссертация сәтті қорғалды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінде 10 сәуір күні философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін  Мәлік Үміт Берікболқызы «8D01103 – Педагогика жәнепсихология» білім беру бағдарламасы бойынша «Развитие метакогнитивных навыков студентов в условиях смешанного обучения» тақырыбында диссертациясы сәтті қорғалды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілері:

  • Абдыхалыкова Жазира Есенкелдиевна – философия докторы (PhD), «Психология» кафедрасының доценті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Швецова Майя Николаевна – психология ғылымдарының кандидаты, Білім беру психологиясы кафедрасының профессоры, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Мәскеу қаласы.,Ресей Федерациясы).

Үміт ханымды құттықтаймыз!Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!