М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті.

«Менделеев сыныптары» жобасы М .Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының химия саласы үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде химия мен математиканы оқыту деңгейін арттыру.
Жобаны іске асыру 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: білім-ғылым-өндіріс.
"Менделеев сыныптары" білім беру жобасы жалпы білім беретін мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған және химия мен математика бойынша оқу бағдарламаларын тереңдетіп оқытуды көздейді.


