Новости

Жаңа жыл алдындағы жағымды сый: Дулати студентіне планшет табысталды

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Технологиялық факультеті «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының 6B06114 – «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенті Асылжан Каден оқу ақысы төлемін жаңаша форматта жүзеге асырып, қуанышқа кенелді. Ол CentroCredit Bank ұсынған bcc.kz мобильді қосымшасы арқылы оқу төлемін жүргізіп, банк ұйымдастырған науқанға қатысушылардың бірі болды. Науқан нәтижесінде студентке жаңа планшет сыйға тартылды.

Жаңа жылдың қарсаңындағы бұл жағымды сәтке банктің Тараз қаласы бойынша филиал директоры Лаура Болысбековна және бөлімше директоры Даулет Талғатұлы  арнайы қатысып, жеңімпаз студентке планшетті ресми түрде табыстады.

Банк өкілдері мобильді қосымша арқылы қызметтерді жеңіл және жылдам пайдалану мүмкіндігі артып келе жатқанын атап өтіп, жастардың цифрлық қызметтерге бейімділігі мұндай игі бастамаларға жол ашатынын жеткізді. Ал Асылжан Каден өз кезегінде оқу төлемін жасаудағы қолайлылық пен сыйлық иеленген қуанышын жасырмай, өз алғысын білдірді.