Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылдың 1 сәуірдегі № 152 бұйрығының негізінде 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессия қорытындысы бойынша босатылған бос орындарына білім беру гранттарына байқауының қорытынды нәтижесі шыққанын хабарлаймыз.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқауы жүргізіліп, босатылған бос орындарына білім беру гранты тағайындалды.