Университет қабырғасында «Экономика және құқық» факультеті мен Технологиялық факультеттерінің бітіруші түлектеріне арналған келелі кездесу ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитеті: «Карьера және бизнес серіктестік» орталығы.
Кездесу мақсаты – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында ашық диалог орнату, өзара тиімді әріптестік байланыстарды нығайту және жас мамандардың еңбек нарығына табысты бейімделуіне бағытталған нақты тетіктерді айқындау.
Кездесуге Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев және департамент қызметкері Дана Бошаева қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, конкурсқа қатысу талаптары мен іріктеу кезеңдері жан-жақты талқыланды. Жағыпар Қожахметұлы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, қызметке орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі мен үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді. Ал, Дана Бошаева мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде туындайтын негізгі мәселелерге тоқталып, үміткерлерге қойылатын талаптар мен кәсіби және жеке құзыреттердің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында 4-курс студенттері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасу, тағылымдамадан өту, мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен кездесуде студенттер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнап, болашақ әріптестіктің негізі қаланды.


