News

23 сәуір күні Мәскеуде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің Тараз қаласындағы филиалын дамытуға арналған стратегиялық кездесу өтті. Кездесу академиялық қауымдастық, өнеркәсіп өкілдері және серіктес университеттің мамандарын біріктірді.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасына арналған  кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «#КітапОқыТрендтеБол» атты мерекелік жиын өтті.

Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислер Дулати университетіне ресми сапармен келді. Құрметті мейманды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев қарсы алды.

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылым – болашақтың шырағы!» атты салтанатты шара өтті.

Университет қабырғасында «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнар Зияева университеттің ғылыми қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.