News

Қоршаған ортаның өзгеруімен күресіп жатқан әлемде таза энергия шығарындыларын азайтуда және сенімді энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл энергия шақырады» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Шара М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Байжуманов Мұхтар және қауымдастырылған профессор Ерубаев Ерлан BR24992867 гранттық жобасы аясында «Қазақстанның су шаруашылығын және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру» мақсатында Шанхай (ҚХР) қаласындағы тоқыма емес материалдар өндіруге арналған жабдықтар мен осы материалдарды өндіретін зауыттарға іссапармен барды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректор Еркінбаева Ләззат пен «Edukey.kz» ЖШС директоры Копейсинов Ерлан маңызды құжатқа қол қойды!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 19 сәуірде Әуезов университетінде өтетін «Study in Kazakhstan» студенттік форумына Дулати университеті атынан қатысатын команданы іріктеу конкурсы өтті. Студенттік форумға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан шетелдік студенттер қатысатын болады.

Тараз қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды. Қала халқы мен қонақтары үшін “Достық алаңында”ұлттық дәстүрлер мен өнерді дәріптейтін мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылды.