Хабарландыру (Сатып алу)

Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін бюджет қаражаты есебінен қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2025 жылдың 8 желтоқсанынан бастап АР26197175 «Штампталған траншеяларда ростверктері бар таспалы қадалы іргетастар орнату жұмыстарын жүргізу технологиясын әзірлеу» жобасы аясында жабдықтарды (құралдарды) сатып алуға бағалық ұсыныстарды (конкурстық бағалық ұсыныстарды) қабылдау басталатындығын хабарлайды.

Бағалық (конкурстық) ұсыныстарды және құрал-жабдықтарға арналған коммерциялық ұсыныстарды (прайс-парақтарды) қабылдаудың соңғы мерзімі — 2025 жылдың 18 желтоқсаны.

Сатып алынатын тауарларға арналған ресімделген бағалық ұсыныстар (конкурстық бағалық ұсыныстар) мөрленген конвертте келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080012, Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 13, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (2-қабат, №203 кабинет) немесе электрондық түрде келесі электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.