Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің әскери кафедрасы 2026 жылғы 2 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында әскери кафедрада ақылы негізде оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттерден (ұлдардан) құжаттар қабылдайды. Конкурстық іріктеуге М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер (ұлдар) қатыса алады.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша 2 жыл 5 ай мерзімде оқуға  студенттер құжаттар тапсырады.

1) 2025-2026 оқу жылында бірінші курс (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші курстар (5 жылдық оқумен);

2) 2026-2027 оқу жылында екінші курс (4 жылдық оқумен) және екінші, үшінші курстар (5 жылдық оқумен);

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша 1 жыл 5 ай мерзімде оқуға  студенттер құжаттар тапсырады.

1) 2025-2026 оқу жылында бірінші, екінші курстар (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші курстар (5 жылдық оқумен);

2) 2026-2027 оқу жылында екінші, үшінші курстар (4 жылдық оқумен) және екінші, үшінші, төртінші курстар (5 жылдық оқумен).

Мерзімді әскери қызметтте болған студенттер конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен өтеді (медициналық куәландырудан өту) және әскери билет негізінде оқуға қабылданады.

Құжаттарды қабылдау: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62 (әскери кафедра) мекен-жайында, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 14.30-дан 16.00-ге дейін.

Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттер өтініштерді «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы тапсыра алады.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (әскери кафедрада жазылады).
  2. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (бар болса), түпнұсқа және көшірме немесе egov.kz қосымшасы арқылы.
  4. 3х4 см көлеміндегі - 4 фотосурет.
  5. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама (egov.kz қосымшасы).
  6. Факультет пен мамандықты көрсете отырып, университетте студенттің нақты оқитындығы туралы анықтама.

 

Жергілікті басқару органдарында (Тараз қ. ҚІЖБ, Жамбыл облысы ҚІЖ (ҚІЖББ) бөлімдерде) медициналық куәландырудан өту мерзімдері 2026 жылғы 1 сәуір мен 30 қыркүйек аралығына жоспарланған, іріктеу комиссиясының жұмысы 2026 жылғы қазан айынан басталады.

Әскери кафедрада студенттерді оқыту 2026-2027 оқу жылының 2 семестрінен басталады.

 

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің әскери кафедра басшылығы