2026–2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру жөніндегі семинар өтетінін хабарлаймыз!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының өткізілетінін хабарлайды.
Конкурс төмендегі басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
•Энергия, озық материалдар және көлік;
• Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
• Елдің зияткерлік әлеуеті;
• Өмір және денсаулық туралы ғылым;
• Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
• Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.
Конкурстық құжаттама, өтінімдерді ресімдеу тәртібі мен қатысу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі офлайн және онлайн форматта кездесу ұйымдастырады.
Күні: 13 ақпан
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Бас ғимарат, Ғылыми кеңес залы
Кездесу барысында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Арман Қабдушев қатысушылардың барлық сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
