Russian language and literature

Орыс тілі мен әдебиеті

loading...
Description
Teachers
Educational program
Contacts

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының өзінің даңқты тарихы мен дәстүрі бар. 1967 жылдың маусым айында Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрінің № 420 бұйрығымен Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтында филология факультеті ұйымдастырылды, оның құрамына С.Ф. Василенко басқарған «Орыс және шет тілдері» кафедрасы кірді.

Кафедра құрамында 6 оқытушы жұмыс жасаған: С.Ф. Василенко, Ж. К. Оспанов, Д. А. Оспанова, Е. А. Токарева, В. Ж. Исмагулова-Кулешова, А. А. Смағұлова.

1968 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Орыс және шет тілдері» кафедрасынан бөлінді. Бұл кафедраның меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Р. И. Музафаров болды. Кафедрада Б.С.Садуллаев, И.И.Девицкий, Н.П.Кудряшов, Л. И. Кожемякина, Л. В. Толкачева, Н. Ф. Сивкова, В. С. Ли, Л. К. Шпак, Н. К. Глушков, Ж. А. Исмаилова, О. В. Радутная, X. T. Абдрахманова,  Г. С. Иманбекова жұмыс жасаған

Кафедраның жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің кәсіби шеберлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Олардың ішінде Апутан Гапарович Шуканов, Майра Сейтжапаровна Джилкишиева, Ангелина Жұмашқызы Қадиялиева, Лилия Алексеевна Аладьина, Мария Естаевна Минайдарова, Абдрахман Гульнар Кабылкалымкызы, Алтаева Гульнар Абдулловна, Галина Анатольевна Бедусенко, Саллахитдин Өмірдинұлы Муминов, Наталья Васильевна Свидова сияқты танымал ғалымдар бар. Ғылыми жобаларда жұмыс істейтін жас ғалымдар да бар. Бұл Байжігіт Ботагоз Сабитқызы, жас PhD докторы. Түрлі ғылыми-педагогикалық басылымдарда 300-ден астам жұмыс, оның ішінде 5 монография, 30-дан астам оқу құралдары шығарылды.

Өзінің жарты ғасырдан астам тарихында кафедра мамандары жоғары оқу орындарында, мектептер мен колледждерде табысты жұмыс істейтін 20 мыңнан астам оқытушыларды дайындады, олардың көпшілігі - белгілі ғалымдар, журналистер, қоғам және мәдени қайраткерлері.

Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат, магистратура, докторантураның бірқатар білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді даярлауды жүзеге асырады.

Оқытушылар ұжымының кәсібилігі мен жоғары біліктілігі құрметті наградалар мен атақтарда көрініс табады. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары: Абдрахман г. К.2007 және 2020 жж., Майгелдиева Ш. М. 2016ж., Сафронова Л. В. 2012 ж., Джилкишиева М. С. 2009 ж., Джылкыбекова Г. Т. 2015 ж. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен келесі оқытушылар марапатталған: профессор Шуканов А.Г., доценттер Аладьина Л.А. және Свидова Н.В., ф. ғ. к. Алтаева Г. А.

  • Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)
  • Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті (Қазақстан)

«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

БАКАЛАВРИАТ ТҮЛЕГІНІҢІ МОДЕЛІ

 

6B01706 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламасы түлегінің моделі  – бұл 6В017  - «Орыс тілі мен әдебиеті бойынша мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша – орыс тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері мен заманауи технологияларын меңгерген құзыретті маман.

  1. Түлектің кәсіби қызметінің объектісі 6В01706 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» ББ .

Оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, өткізуге, мониторингілеуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:

- орта білім беру ұйымдары;

- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;

- білім бөлімдері мен басқармалары;

- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.

2.ҚР экономикасындағы салалар тізбесі

85.31.0 Негізгі және жалпы орта білім

85.32.1 Кәсіптік-техникалық білім

85.32.2 Арнайы орта білім

85.59.9 Басқа топтарға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет.

Бакалавриат

6В01706 –Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Магистратура

7М01702– Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау

Докторантура

8D01702 - Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы
Исабекова Гулнур Болатбековна декан 51-72-55 - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Жаманбаева Әсел Сайлаубекқызы оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ауганбаева Мая Амиржановна Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Якияев Нұрлыбек Ерболұлы Ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.