Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

2025 жылы 22-23 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Satbayev University – 2025 «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша XVІІ Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті.

Пәндік олимпиадаға «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының 6B07122 - «Басқару жүйесіндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламаласы бойынша білім алатын 3 курс студенттері Торопов Д., Якубов Р., Сәскебай М. және жетекші оқытушы ретінде кафедраның аға оқытушысы Ж.Е.Шукаманов қатысты.

“Нашақорлық - қауіп дерті” тақырыбында 1-жатақханадада “Қолданбалы математика және физика” кафедрасының оқытушысы Масатбаева Гүлшат Қайратқызы Облыстық консультативті-диагностикалық медициналық орталығының Воп врачы Жазира Беркімбековна Медсестра Батырғалиева Қорлан, Кеңес Балнұр медбикелермен кездесу ұйымдастырды.

2025 жылдың 24 сәуірінде «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында жұмыс жасайтын «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Ешкім жалаң аяқ жүрмейді» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Тараз қаласының 11 және 9 сынып мектеп оқушылары және кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі мектеп мұғалімдері қатысты.

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Технологиялық факультеттің оқытушысы Гүлшат Масатбаева және студенттердің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының әкімдігінің білім беру басқармасының “Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау” орталығына балаларға жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында барып келді.

Университетіміздің технологиялық факультетінде антиплагиат мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара университеттің оқытушылары мен қызметкерлерін тартып, ғылыми қызметте академиялық адалдық пен шыншылдық стандарттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинардың негізгі мақсаты — қатысушыларды ғылыми және оқу материалдарында плагиатқа қарсы күресудің заманауи әдістерімен таныстыру болды. Цифрлық технологиялар мен ақпаратқа қолжетімділік арту жағдайында тек плагиатты анықтап қана қоймай, студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру да маңызды болып табылады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Стандарт және сапа»» студенттік – ғылыми үйірмесі ұйымдастырып отырған «Сапалы өнім-сенімді болашақ» жасалып отырған іс-шара. Тараз қаласынан, Жамбыл ауданынан катысқан оқушылар мен ұстаздар арасындағы ғылыми-үйірме бойынша жасалған шағын конференция өткізілді.

2025 жылдың 10 сәуірінде «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында жұмыс жасайтын «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы эссе байқауы өткізілді. Байқауға Тараз қаласының 11 және 9 сынып мектеп оқушылары мен Қаратай технология және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

Әз Наурыздың құрамдас бөлігінің бірі – Наурыз көже. Ұлттық тағам әр дастарханның көркі болған. Халықтық дәстүр бойынша оған жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылып дайындалған.