Университет қабырғасында республикалық «Жарық» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық команда өзара білім, логика және шешендік қабілеттерін ортаға салды.
Зияткерлік сайыс нәтижесінде:
- I орын — «FG» командасы (200 000 теңге жүлде)
- II орын — «ҰЯ» командасы (150 000 теңге)
- III орын — «Абай» ұлағаты командасы (100 000 теңге)
Сондай-ақ, арнайы номинациялар бойынша төмендегі қатысушылар марапатталды:
- Үздік капитан — Абулхаир Әсел (5ties командасы) — 50 000 тг
- Үздік команда — Жәнібеков жастары — 50 000 тг
- Үздік талпыныс — ЕОА командасы — 50 000 тг
- Үздік төреші — Әбуәлі Мұхтарәлі — 50 000 тг
- Көрермен көзайымы — Pikir Play командасы — 50 000 тг
- Үздік волонтер — Көпен Санжар — 50 000 тг
- Үздік гид — Нарик Жанерке — 50 000 тг
Тартысты өткен сайыс жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, командалық жұмыс пен зияткерлік әлеуетті дамытуда маңызды рөл атқарды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барша қатысушыларға шабыт және толассыз табыс тілейміз!







