Жаңалықтар

Республикалық «Жарық» зияткерлік ойыны өтті

Университет қабырғасында республикалық «Жарық» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық команда өзара білім, логика және шешендік қабілеттерін ортаға салды.

Зияткерлік сайыс нәтижесінде:

  • I орын — «FG» командасы (200 000 теңге жүлде)
  • II орын — «ҰЯ» командасы (150 000 теңге)
  • III орын — «Абай» ұлағаты командасы (100 000 теңге)

Сондай-ақ, арнайы номинациялар бойынша төмендегі қатысушылар марапатталды:

  • Үздік капитан — Абулхаир Әсел (5ties командасы) — 50 000 тг
  • Үздік команда — Жәнібеков жастары — 50 000 тг
  • Үздік талпыныс — ЕОА командасы — 50 000 тг
  • Үздік төреші — Әбуәлі Мұхтарәлі — 50 000 тг
  • Көрермен көзайымы — Pikir Play командасы — 50 000 тг
  • Үздік волонтер — Көпен Санжар — 50 000 тг
  • Үздік гид — Нарик Жанерке — 50 000 тг

Тартысты өткен сайыс жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, командалық жұмыс пен зияткерлік әлеуетті дамытуда маңызды рөл атқарды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барша қатысушыларға шабыт және толассыз табыс тілейміз!