Новости

Университет қабырғасында «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің бастауымен «Жазғы мектеп» семинары өтті. Ғылыми-әдістемелік семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы Шолпан Кудьярова қатысып, мазмұнды дәрістер ұсынды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Мадиев Өскенбай Қабылбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Университет қабырғасында оқу көрсеткіштері 3,33 балдан жоғары түлектермен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековпен кездесу өтті. Ұйымдастыру комитеті: Карьера және бизнес серіктестік орталығы.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Бір айға созылған байрақты бәсекеге еліміздің 79 жоғары оқу орнынан спорттың 17 түрінен командалар қатысып, тартысты дода өтті.

Университет қабырғасында Түркменстаннан келген шетелдік азаматтарға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.