News

Дулати университетінің қабырғасында өнегелі, мағыналы кездесу өтті. Тарихтың тереңінен сыр шерткен, сананы серпілткен сәт болды.

Дулати университетінде ерекше бір күн өтті. Жүректі тебірентіп, сананы сілкінткен бұл күн — тек жай акция емес, ол нағыз патриоттық рухтың оянған сәті еді. Ұйымдастырылған шара Жеңіс күні қарсаңында ел есінде қалатындай әсер қалдырды.

Әскери парад өткізу – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеудің бір формасы ғана емес, ең бастысы, Президент атап өткендей, елдік пен бейбіт өмір үшін күрескен батыр бабаларымызды ұлықтау, қан-майданда қаза тапқан боздақтарға тағзым ету.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХVI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Білім бәйгесі B004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен ұйымдастырылды. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен келген 14 команда қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төреғасы Руслан Шарипов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Мәлік Асанов өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.