News

Университет қабырғасында «Жұмыспен қамту және мансаптық кеңес» тақырыбында мастер-класс өтті. Ұйымдастыру комитеті: Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім және Факультеттердің түлектер қауымдастығының мүшелері.

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамассыз ету комитеті Төрағасының бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 12.05.2025 жылғы № 704 бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы, техника ғылымының кандидаты Садиева Халипа Рыскуловнаға 20400-«Химиялық инжиниринг» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Университет қабырғасында мектеп оқушылары арасында спорттық бағдарламалау бойынша Documentolog x CPFED Olymp олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Ұйымдастыру комитеті: Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясы (CPFED).

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ХIII Жазғы Универсиада ойындары басталды. Универсиада аясында еліміздің барлық өңірлерінен 76 жоғары оқу орнының студенттері қатысып жатқан 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрінен жарыстар өтуде.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен ұйымдастыруымен университет теңгеріміндегі стратегиялық маңызы бар жер телімін ғылыми мақсатта игеру бойынша кездесу өтті.