News

Дулати университетіне жұмыс сапарымен  Қытай мемлекетінде орналасқан Ланьчжоу политехникалық университетінің делегациясы келді. Қытайлық делегация құрамында Ланчжоу политехникалық университетінің вице-президенті Чжэн Сяопин, Қаржы бөлімінің директор орынбасары Хуа Сичин, Марксизм мектебінің деканы Рао Сюпен, Жаңа энергетика мектебінің деканы Хань Вэй, Гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканының орынбасары Цянь Дэйюнь және Конфуций институтының директоры Ван Хайчжэнь болды.

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер мемлекеттік әнұранды орындады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеттері коллобарациялық келісім және ынтымақтастық аясында ғылым, ғылыми- әдістемелік тәжірибе алмасу барысында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінде 10 сәуір күні философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін  Мәлік Үміт Берікболқызы «8D01103 – Педагогика жәнепсихология» білім беру бағдарламасы бойынша «Развитие метакогнитивных навыков студентов в условиях смешанного обучения» тақырыбында диссертациясы сәтті қорғалды.

Университет қабырғасында республикалық «Жарық» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.