Факультет жаңалықтары (Педагогика)

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Педагогика» кафедрасында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ресми жарияланған гранттық қаржыландыру бойынша «Жаңа  жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында   қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (2021-2023 ж.) атты ғылыми жоба жүзеге асуда.

 Ғылыми жоба жетекшісі – «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Клара Джайдарбековна БУЗАУБАКОВА.

ҚР БҒМ тарапынан гранттық қаржыландыру есебінен жүргізіліп жатқан АР09259497 «Жаңа  жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында жаңа жағдайдағы Қазақстанда жаһандық бәсекеге  қабілетті  цифрлы-креативті құзыреттіліктері жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда  инновациялық іс-тәжірибені үйрену, пайдалану, зерттеу, насихаттау мақсатында Дулати университеті  (Қазақстан) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланысы орнатылған.

Осы орайда, ортақ мақсатқа жету үшін бірлескен әрекет Ресей мен Қазақстан арасында коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыруда Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті 2022 жылдың 24 қарашасында «Қазіргі қоғам жағдайындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Аталмыш іс-шараның пленарлық мәжілісінде Тәжікстан Республикасы, Носир Хусрав атындағы Бұхара мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д., А.Э.Сатторов және т.б. шетелдік, ресейлік, отандық  ірі ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Солардың бірі де бірегейі, көрнекті ғалым, п.ғ.д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі К.Д.Бузаубакова «ҚР-да қашықтықтан оқыту кезінде болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары» (онлайн) тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, Цифрлы Қазақстан жағдайында жоғары білім беру жүйесін цифрландырудың маңыздылығына және қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдары анықталып, әдістемесінің жасалғандығына тоқталды. 

Сондай-ақ, «Қазіргі қоғам жағдайындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында профессор К.Д.Бузаубакова «Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты 8-секцияны басқарып, онда «Ұстаз институты бойынша заманауи жағдайда болашақ педагогтерге кәсіби білім беруде өзекті де көкейкесті тақырыптар төңірегінде ғалымдардың және ғылымға құштарлық танытатын студенттердің 30-ға жуық ғылыми мақалалары тыңдалып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Ресей мен Қазақстан арасында коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмысы осылай жалғасын табуда...

Миршат Сайлаубекқызы ЕЛУБАЕВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к.

28-29 желтоқсан күндері «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. З.Қашқынбаева Тараз қаласындағы №41 «Айналайын», «Ақүрпек», №35 «Ертөстік», №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшаларында әдістемелік семинарлар өткізді. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие ісінде аталмыш кафедраның профессор-оқытушылармен балабақша мамандарының ынытымақтастықта жасалынған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды.  Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі баланы дамытуға бағытталған жұмыстардағы өзекті проблемалар мен стратегиялық жұмыс жоспарлары талқыланды. Семинар барысында балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер мынадай мәселелерге баса назар аударды, олар: біліктілікті арттыру, ғылыми-зерттеушілік құзіреттілікті жетілдіру, заттық-дамытушы орта, оқу-әдістемелік құралдар мен циклограмманы жасауда көптеген келелі ой-пікірлері білдіріп,  ұсыныстарын ортаға салды Баланың ұсақ және ірі моторикасын дамытуға бағытталған тәрбиешілердің авторлық инновациялық әдістемелік жұмыс түрлерімен таныстырылды. Сонымен қатар, жыл бойы ынтымақтастықта тығыз жұмыс жасауда біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті көрсете білген меңгеруші, әдіскерлер «Ұстаз» институтының директорының алғыс хатымен марапатталды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты «Әлем тілдері» кафедрасы Жамбыл облысының педагог мамандарымен оқу үрдісін модернизациялау: әдістемелік көшбасшылық, Альфа ұрпаққа шет тілін үйретудегі заманауи технологиялар, мәдениетаралық коммуникация, оқушыға бағытталған оқыту тақырыптары аясында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2023 жылдың 3 наурызында «The digitalisation of foreign language learning» аймақтық оқыту мен тәжірибе фестивалін өткізді. Фестивальге барлығы 135 шет тілі мұғалімі қатысты. Сонымен қатар фестиваль аясында «Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үздік мультимедиалық оқу өнімі» виртуалды байқауы жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Жамбыл облысының шет тілі мұғалімдері арасында (балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, колледж) «Педагогикалық шеберлік» Байқауы жарияланды. Байқау 20.01. – 15.02.2023 аралығында өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • Шет тілі мұғалімдерінің мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес заманауи тиімді педагогикалық технологияларды, даму және оқыту әдістерін қолдануға деген ынтасын арттыру;
  • Озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • Әдістемелік қызмет нәтижелерімен алмасу негізінде педагогикалық және әдістемелік шеберлікті арттыру.

Байқаудың міндеттері:

  • Балалармен жұмыста ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, педагогтердің өмір бойына білім алу және кәсіби шеберлігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Заманауи мүмкіндіктерді ескере отырып, ақпараттық оқу ортасын құруға ықпал ету;
  • Кәсіби қарым-қатынасқа жәрдемдесу, өзара ынтымақтастық тәжірибесін дамыту.

Байқауға Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан барлығы 125 материал келіп түсті. Кафедра мегерушісінің 2023 жылғы қаңтардағы №1 Өкімімен құрылған Байқау комиссиясы материалдарды іріктеп, жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ректорының І-ІІ-ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.

Оқыту мен тәжірибе фестивалі бағдарламасы аясында барлығы 15 семинар, шебер-сынып ұсынылды. Фестиваль соңынан қатысушыларға университет Ректорының қолымен расталған сертификаттар табысталды.

2023 жылдың 7 наурызында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Ұстаз" институты, "Әлем тілдері" кафедрасы Халықаралық әйелдер күніне орай "Қазақ аруының бейнесі" атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Кафедра оқытушылары Г.А.Алимханова мен Д.П.Сабырова Қазақстан Республикасының мәдениет комитеті мен мәдениет және спорт Министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көшпелі көрмесін шақырды.

Музей қызметкерлері өлке тарихы мен сәулет ескерткіштері жайлы дәріс оқып, Айша бибі мен Қараханның қайғылы махаббат хикаясы туралы аңыз айтып берді. Көрмеде көне жәдігерлер, қазақтардың тұрмыстық заттары мен 12-13 ғасырлардағы әйелдер әшекейлерінің үлгілері ұсынылды.

Сонымен қатар, студенттер арасында Уильям Шекспир сонеттері, Хартли Кольтридж, Мұқағали Мақатаев, Самуэль Маршак, Ли Ги Чоль секілді қазақ, орыс, ағылшын және корей әдебиетінің ұлы классиктерінің поэтикалық шығармалары оқылды.
Ойындар мен викторина өткізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар тарту етілді. Студенттер «Ана туралы арман» атты драмалық миниатюрасымен өнер көрсетіп, көрермендердің жүрегіне әсер етті.
Поэзия кеші жылулық, сұлулық атмосферасын құрып іс-шара қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тараз қаласында наурыздың 10 күні №3 мектеп-лицейінде ақын, әлем  халықтары жазушылар одағының мүшесі Сәуле Шәмшіғалиқызының шығармашылығына арналған «Өмірдің өзі махаббат» атты облыстық әдеби сазды - поэзиялық кеші өтті.

Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын жастарға насихаттау, ақынның өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың жыр оқуға құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы ұйытқы болды.

Әдеби – сазды кеш барысында кафедраның студенттері мен бітіруші түлектері  ақын шығармашылығынан үзінділер оқып, автордың төл туындысынан қойылым көрсетілді. 

Сонымен қатар, Сәуле Шәмшіғалиқызының сөзіне жазылған әндер шырқалып, ақын студенттердің арнау өлеңдері оқылды.

Поэзия кешіне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, педагогика журналының редакторы Гүлнара Есмаханова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, ҚР ақпарат және мәдениет саласының үздігі Ғайни Әлімбекқызы, Жазушылар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Ақ жол» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, «Анаға тағзым орталығының» директоры Эльмира Мырзағали, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері, «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы, ақын, республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері Қуаныш Ауғанбаев, ақын, «Арай» газетінің тілшісі Нұржан Әліш қонақ болып, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай – ақ, университет тарапынан кәсіптік бағдар жұмыстарын негізге ала отырып, 8 – 11 сынып мектеп оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы, «Ұстаз» институты директоры Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы, «Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің» директоры Назарбекова Алуа Ахмедиярқызы, кафедра доценті, абайтанушы ғалым Р.М.Саламатова, аға оқытушылар Е.Б.Әбдімомынов, Н.М.Рсымбетова қатысып, университет имиджі туралы кеңінен тоқталып өтті.

Кеш соңында Сәуле Шәмшіғалиқызының сиясы кетпеген «Албандар» атты тарихи-дастанының тұсауы кесіліп, кеш қонақтарына және ұйымдастырушыларға сыйға тартылды. Әдебиет сүйер қауым ақынға өзінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, еркін сұхбат жүргізіп, батасын алды.

Филология ғылымдарының кандидаты Әбішева Рыскен Рахымқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттерімен жүздесіп, сүбелі сұхбат өрбітті.
Ұрпақ рухын ұштаған кездесу барысында автор «Тірі жүріп көргеннің бәрі қызық» атты естелік – әңгімелері, «Тасыған өмір, жасыған көңіл» және «Дүниедегі ең үлкен байлық» кітаптарының мазмұнына терең бойлады.

Тәрбие дәнін жас буынның бойына сіңдіруді көздеген аталған кездесуді «Жасын» әдеби – шығармашылық бірлестігінің жетекшісі С.М.Исматова тізгіндеді.
Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Назарбекова Алуа Ахмедиярқызы автор кітабының тұсауын кесіп, жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай – ақ, келелі кездесуге кафедраның аға оқытушысы Н.М.Рсымбетова мен докторант К.Б.Қанат куә болды.

Рухани мүгедектіктің алдын алу алғышарттарына тізбектей тоқталып, ішкі «Мені» биік тұлға іргетасын қалауға үндеді.
Хакім Абайдың «Толық адам ілімін» тіліне тиек еткен Рыскен Рахымқызы рухани кемелденудің темірқазығы турасында өмірлік тәжірибесінен бірқатар естеліктерімен бөлісті.
Рухани сабақтастықтың алтын көпірі салынан кездесуде студенттер өз жарыса пікір білдіріп, естелік суретке түсті.

Республикалық педагогикалық олимпиадасы

2023 жылдың 24-26 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу  орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасын «Педагогика» кафедрасы жоғары деңгейде өткізе білді.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - Жаңа Қазақстан  жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуда педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

  • жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін анықтау;
  • «Педагогикалық сыныптар» арқылы мұғалімдік мамандыққа мектептердің талантты түлектерін тарту;
  • педагогикалық мамандықты таңдауда мотивация және кәсіби бағдар беру, мектеп бітіруші түлектерінің  сындарлы ойлау және креативті  қабілетін дамыту;
  • педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында МЕКТЕП-ЖОО ынтымақтастығы негізінде  мектеп түлектері арасынан өздеріне лайықты ізбасарларды дайындау.

Жалпы орта білім беретін мектеп түлектері арасында  қашықтан және офлайн өткізілген «Мен педагог мамандығын таңдаймын!» атты   Республикалық педагогикалық олимпиадасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен  70 тен астам үміткер өтініш беріп қатысты.

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН» атты  Республикалық  педагогикалық олимпиадасы 3 турдан тұрды. Олар: «ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалды тур,  2-ші тур  «Жаңа Қазақстанға – жайлы мектеп»  инновациялық мектептің моделі «Менің арманымдағы мектеп» ғылыми жобасы, 3-ші тур «Егер мен  ПЕДАГОГ  болсам ...» авторлық жоба/инновациялық ой-толғау болды.

«Мен педагог мамандығын таңдаймын!» атты Республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздарын Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттап және олардың жетекшілеріне өз алғысын білдіріп Алғыс хаттар табыстады.  

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру - маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық - жеке тұлғаның болашақ өміріне ерекше әсер етеді.

Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар беру – аса маңызды. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді.

Елімізде демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты, алдағы 5 жылдықта республикамызда қосымша 1000 мектеп салыну жоспарланып, бірқатар істер атқарылуда, осы мыңдаған мектептерді мұғалімдермен қамту мәселесі – кезек күттірмес ауқымды шаралардың бірі. Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және республика көлемінде түрлі маман иелерімен қатар, педагогикалық мамандық иелерін даярлауда өзіндік үлесін қосуда.

Осы мақсатта «Ұстаз» институты 2023 жылдың ақпан айынан бастап «Педагогикалық сыныптар» құру жобасын жасалды. Ондағы мақсат – оқушылардың мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, педагогикалық іс-әрекетті дамытуға мотивацияны қолдау, сонымен қатар мұғалім мамандығының беделді, құрметті және аса маңызды мамандық ретіндегі түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды педагогикалық мамандықтар бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен Дихан ауылындағы Дихан тірек мектебі, «Королевка», «Амангелді», «Жаңатұрмыс», Жамбыл ауданындағы Шайқорық, Айша биби ауылы Каратау участкесіндегі Т.Рысқұлов атындағы орта мектептерінің, Аса ауылында Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясында, Байзақ ауданындағы  №4 мектеп-лицей, Көктал және Бурыл орта мектептеріне, Құмжота ықшам ауданындағы А.Алтынсарин атындағы орта мектепте, Жуалы ауданындағы №1 мектеп – гимназиясында «Кәсіби білім алу – болашаққа жарқын жол» тақырыбында аймақтық акциясы ұйымдастырып, түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесуде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бүгінгі жағдайы мен жетістіктері, университеттің барлық білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы және оқуға қабылдау ережелерін жете түсіндіріп өтті. Түлектер тарапынан сұрақтар қойылды.

Осы бағытта өткізілген іс-шаралардың бірі – «Химик эксперт» мектебі. Қысқы мектепте оқушылар арасында білім бағдарламасына сай сауалнама жүргізілді. Жалпы бұл бастама «Жоғары сынып оқушыларына жаратылыстану – математикалық бағытында ғылыми жобаларды жазудырудың әдістемелік ерекшеліктері» кешенді зерттеу бағытына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Мамандық таңдау, соның аясында білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау әрбір түлек пен олардың ата-аналарын қызықтыратыны сөссіз. Осыны ескеріп, Ұстаз институты заманауи қоғамда бәсекеге қабілетті әр тұлғаға өз қабілеттілігін шыңдауына мүмкіндік беру үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламалары, ерекшеліктері және материалдық база туралы таныстырылды.

Кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен форматы бөлек іс-шаралардың бірі – Студенттердің Б.Момышұлы атындағы қазақ класикалық №45 гимназиясында өндірістік практика барысында жүргізген жұмыстары. Сондай-ақ қала және аудан мектептерінің 11  сынып оқушыларына арналған «Какую профессию мне выбрать»  пәндік олимпиадасының 50 бітіруші түлекті қамтыған ерекше бастама болғанын айту керек.

Дулати университеті оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «Мен педагог мамандығын таңдаймын» атты республикалық педагогикалық олимпиадасын «Педагогика» кафедрасы жоғары деңгейде өткізе білді.

Сонымен қатар, Ұстаз институтының директоры О.Жолдасова бастаған профессор оқытушылар құрамы Талас және Мойынқұм ауданындарына кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Оқытушылар болашақ талапкерлерді білім беру бағдарламаларымен толықтай таныстырды. Сонымен қатар биыл Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен іскерлік кеңесі аясында және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласында «Қос дипломды» білім беру негізінде мамандар даярлай бастайтынын атап өтті. Оқу орны сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен (Өзбекстан) «Су шаруашылығы» мамандарын бірлесіп даярлау бағытында алдағы оқу жылында атқарылатын бірқатар жоспарлар жасағаны да айтылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізгендер: О.Жолдасова, Б.Тасуов, Г. Сейдалиева, А.Дунбаева, Е. Әбдімомынов, М.Ахаева, А.Сарсенбаева, А.Жұмағұлова, Е. Дүйсенбеков, Қ. Әбитаев, Д. Әшір.