Факультет жаңалықтары (Педагогика)

"Мәдени - тынығу қызметі" мамандығының 1 курс студенттері "Ертегі әлеміне саяхат" тақырыбында ертегі сахналады.

Мәдени тынығу қызметі "Бос уақытты ұйымдастыру және педагогика" мамандығының 3 курс студенттері  "Жыр алыбы-Жамбыл" тақырыбында мәдени шара ұйымдастырды.

"Күлкімен келген махаббат" комедиясы жастардың арасындағы сыйластықпен  өз болашағына жол ашуды меңзейді. Сонымен қатар, уақытты бос өткізбеуді үйретеді.

24 сәуірде 2-курс 6В11117 «Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша «Дауыс қою» пәнінен шығармашылық жұмыс ретінде «Біздің әуен» атты музыкалық-композиция сахналанды. Іс-шара аға оқытушы Смагулова Г.Е. жетекшілігімен өткізілді.

Студенттердің жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен қошеметіне бөленді.

«Құдайдың балалары» атты қойылым сахналанды. Азиз Баймұғаммед шығармасының желісі негізінде қойылған бұл спектакль балалар үйіндегі тағдырлар арқылы адамзатқа ортақ маңызды мәселені көтереді.

"Мәлім ғой, өмір жолы – ақ пен қара,
Қашан да қатар жүрер бақ пен нала..."

Екінші курстың педагог ұйымдастырушылары Байсымақова А. Қ жетекшілігімен «Ақ пен Қара» драмалық композициясын өткізіп,  осы бір ойды арқау етті.

  М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессорлық оқытушы құрамы - п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай және Э.Ж. Амиркенова SDU University базасында өткен «II International Conference on Science Talks: All about Inclusion» ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.