Жаңалықтар

Университетімізде кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамытуға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

29–30 сәуір күндері М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің сүйемелдеуімен Астана қаласында өткен Enactus Kazakhstan National Cup ұлттық чемпионатына қатыстыруын ұйымдастырған Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы, Enactus Dulaty командасының академиялық эдвайзері қызметін қоса атқарушы Ж.Шонгараеваның бастауымен Enactus Dulaty студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар командасы 210 команданың арасынан суырылып шығып, Топ-15 қатарына ілікті!

Университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, инновациялар, әлемдік тәжірибе және үздік әдістеме»  атты Халықаралық педагогикалық оқуларының қорытындысы жарияланды.

Университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық коллаборация: инновация, технология және әдістеме» атты Халықаралық конгресстің қорытындысы жарияланды.

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, «Журналистика және филология» кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталық, №2 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Тарих. Тағзым. Тағылым» тақырыбында бірқатар тағылымды басқосулар мен мәдени жобалар жүзеге асты.