М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Ғылыми кеңесі университеттің сайламалы ұжымдық кеңесі.
Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы мен қызметі
және оны сайлау тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 жылғы 27 шілде №319), «Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібіне» (Бұйрық № 574, 22.11.2007 ж.), «М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КЕ АҚ Жарғысына сәйкес анықталады.
Ғылыми кеңес өз құзыры шегінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
2) оқу-зертханалық және ғылыми-зертханалық базаны дамытудың перспективалық жоспарын қарастыру;
3) профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;
4) ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;
5) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
6) университеттің Даму бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
7) университеттің әлеуметтік теңдік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;
8) университеттің өткен оқу жылындағы қызметінің қорытындысын шығару;
9) қоғамның оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстары туралы есептерді мерзімді түрде қарау;
10) Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау;
11) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын Қоғам басқармасына бекіту үшін қарастыру;
12) Қоғам қызметіне қатысты және ұжымдық шешімді атлап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.