2025-2026 оқу жылына Дулати университетіне оқуға түсушілеріне:
Құрметті талапкер қабылдау коммисиясы өз жұмысын 20 маусымнан бастайды!
Егер Сіз жоғары дәрежелі кәсіби маман болғыңыз келсе, болашағы жарқын жалынды жастар ортасы мен тарихы терең Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университетіСізді күтеді!
Мамандық таңдау - әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт және ең жауапты қадамның бірі.Ал, жоғары оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді. Сондықтан мүмкіндіктер мекені Дулати университеті Сізді оқуға шақырады!
Оқуға түсу үшін талапкерлерге нұсқаулық!
Қажетті құжаттар тізімі
Аттестат/диплом+қосымшалары (түпнұсқа)
Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)
ҰБТ сертификаті
Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын сертификаттар (түпнұсқа және көшірме)
Фото 3х4: 2 дана
063/у нысанындағы медициналық анықтама (көшірмесі)
075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама, QR кодымен
Арнаулы/шығармашылық емтихан нәтижесі туралы анықтама
Әскери билеттің немесе әскери комиссариатқа тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балаларға, күндізгі бөлімдерге) (приписной);
Мемлекеттік білім грантын алуға жеңілдік беретін құжат (І-ІІ топтағы бала кезінен мүгедектер, әке-шешесі жоқтар үшін, мүгедек тәрбиелеуші отбасы)
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
шығармашылық емтихандарға 20 маусым 7 шілде, 5 тамыз бен 10 тамыз аралығында;
конкурсқа 13 - 20 шілдеге дейін;
студенттер қатарына 25 тамызға дейін.
Емтихандарды тапсыру мерзімі:
шығармашылық емтихандарға 7 - 13 шілде, 11-15 тамыз аралығында;
арнаулы емтихандар 20 маусым 20 тамыз аралығында.
Шекті балл
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған талапкерлер жіберіледі.
Ескертпе: ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар талапкерлер жоғары оқу орнына (бұдан әрі - ЖОО) ақылы негізде қалаған білім беру бағдарламалар тобы бойынша 1 оқу жылы аяқталғанға дейін қабылданады. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді шекті балл алғанша қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз айларында тапсыра алады;
Педагогикалық ғылымдарын таңдаған талапкерлер қосымша арнаулы емтихан тапсырады.
Мекен жайымыз: Тараз қ. Төле би даңғылы 60,
Шығармашылық емтихан өткізу тәртібі:
Түсушілерден шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі, 5 тамыз бен 10 тамыз аралығында өздері таңдаған ЖОО-да жүзеге асырылады.
В028 – Хореография
В031 - Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны
В042 - Журналистика және репортер ісі
В004 - Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
В006 - Музыка мұғалімдерін даярлау
В092 - Тынығу
В007 - Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
Арнаулы емтихан
Құрметті талапкер! Дулати университеті бакалавриатқа талапкерлер үшін педагогикалық емтихан өткізеді. Арнайы педагогикалық емтихандар олардың әдіснамасына сәйкес болашақ мұғалімнің келесі күрделі қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді, мысалы:
- педагогикалық қызметке бейімділік;
- тұлғалық қасиеттер және коммуникативтік құзыреттілік;
- педагогикалық қызметті игеруге алдын ала дайындығын бағалау.
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсетін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамыз аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.
Университеттің жатақханасы бойынша
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің №1 жатақханасы «Төле би 60» мекенжайы бойынша орналасқан.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің №3 жатақханасы «Проспект Жамбыл 16 А» мекенжайы бойынша орналасқан.