Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу

loading...
Сипаттама
Басшылық және қызметкерлер
Нормативтік құжаттар

Негізгі мақсаты:

 Ерекше білім беруді қажет ететін мүгедектігі бар студенттерді қолдап, көмекші бағдарламалармен қамтамасыз ету. Студенттерге арнайы әдебиеттерді ұсыну, ғимаратқа кіру, оқу материалдарына, дәрістерге, тесттер мен емтихандарға қолжетімділікті барынша оңтайлы ету арқылы білім беруге қолжетімділікті арттыру. Сонымен қатар, ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы мүгедектігі бар студенттердің білім алу деңгейін жоғарылату басты мақсат болып табылады.

 Негізгі міндеттері:

- ЖОО-да мүгедектігі бар студенттердің психологиялық жағдайын қолдау, олардың оқу және әлеуметтік адаптациясын қамтамасыз ету, психологиялық қолдау көрсету арқылы олардың толыққанды дамуына ықпал жасау;

- мүгедектігі бар студенттердің қажеттіліктерін анықтау және оларға қолдау көрсету іс-шараларын ұйымдастыру;

- психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, консультациялар жүргізу;

- құжаттарды рәсімдеу және әлеуметтік қолдау бойынша есептерді дайындау;

- қажетті материалдық және техникалық ресурстарды үйлестіру;

- мүгедектігі бар студенттердің құқықтарын қорғау және оларды дискриминациядан сақтау шараларын ұйымдастыру;

- ЖОО-ның басқа бөлімдері мен сыртқы ұйымдармен өзара байланыс орнату.

- мүгедектігі бар студенттердің психологиялық жағдайын зерттеу және бағалау;

- психологиялық тренингтер, тренингтік сабақтар, психологиялық кеңестер ұйымдастыру.

 

Жүргізіліп жатқан жұмыстар:  

- мүгедектігі бар студенттерді жалпы білім беретін ортада біріктіру нысандары анықталған;

- студенттер мен олардың ата-аналарына онлайн және офлайн режимінде қолдау көрсетіледі;

- сабаққа қатысу, үлгерім және әлеуметтік жағдайлар тұрақты бақылауда;

- инклюзивті білім берудің оқыту семинар-тренингтермен қамтамасыз етілуде;

- «Инклюзивті білім беру және әлеуметтік инклюзия» және т.б. тақырыптарда біліктілікті жоғарлату курстарынан өтуде;

- ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен келген сұрау хаттары бойынша университеттегі инклюзивті білім беру жағдайы жөнінде мәліметтер тұрақты түрде беріліп отырады.

 Инклюзивті оқыту мағынасы:

Инклюзивті оқыту – ерекше қажеттіліктері бар студенттердің жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында білім алу үрдісін қамтамасыз ету. Бұл бағыт балалардың дискриминацияға ұшырамауын, барлық адамдарға теңдік қатынас орнатуды және арнайы жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді. Инклюзивті білім беру студенттердің оқудағы жетістіктерін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартады.

  Құқықтық негізі:

 Мүгедектігі бар балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының    заңдарында және Конституциясында бекітілген;

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- «Білім туралы» Заң;

- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң;

- «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы» Заңы;

- «Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы» Заңы;

 - «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

- «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы;

 Инклюзивті білім берудің университеттегі дамуы:

            - Инклюзивті білім беру 2016 жылдан бастап қоғамдық жұмыс ретінде қолға алынған;

            Университет мүгедектігі бар студенттердің білім алуына барынша қолайлы жағдай жасап, олардың академиялық, әлеуметтік және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

            Қосымша қолдау шаралары:

            Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласының мамандары студенттерге сабақтан тыс уақытта түрлі бағыттағы дамыту іс-шараларын ұйымдастырады. Атап айтқанда:

            - мотивациялық және тұлғалық даму тренингтері;

            - шеберлік сабақтары мен практикалық дағдыларды жетілдіру бағдарламалары;

            - түрлі

спорттық, мәдени және шығармашылық жарыстарға дайындық барысында кәсіби кеңестер;

            - олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына бағыт-бағдар беру.

            Осының нәтижесінде студенттер ғылым, өнер және кәсіби мамандықтары бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, өз әлеуетін толық жүзеге асыруда. Сонымен бірге орталық мамандары олардың еңбек нарығына бейімделуіне, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

 

ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ  https://inva.gov.kz/kk

 

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.

Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сілтемесі

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы

"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы

"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

"Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы"

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы

"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

"Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы

"Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы