Сауалнама Дулати университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алушы студенттеріне арналған.
Құрметті студент!
Зерттеуге қатысуға дайын болғаныңыз үшін рахмет! Сізден сауалнаманың сұрақтарына толықтай және шынайы жауап беруіңізді сұраймыз
Себебі, сауалнама анонимді болып табылады, Сіз берген барлық жауап университеттің әр түрлі саласында даму және жүйелі жұмыс жүргізу үшін өте маңызды!
Ынтымақтастық үшін рахмет!
Зерттеу мақсаты:
Студенттердің университет қызметінің негізгі аспектілеріне қанағаттану дәрежесін анықтау, проблемалық аймақтарды анықтау, білім беру мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жинау
Зерттеу міндеттері:
- Білім беру процесін бағалау;
- Оқытушылардың жұмысын бағалау;
- Инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын бағалау;
- Цифрлық және әкімшілік қызметтер жұмысын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс жұмыстарға қаншалықты қатысатынын түсіну;
- Университетті басқару және бақылау, жақсарту бойынша ашық ұсыныстар жинау.