Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті

loading...
Сипаттама
Дирекция
Кафедралар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс
Факультет жаңалықтары

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ректорының 2020 жылғы 2-ші қазаныңда жаңа құрылымына сәйкес «Ұстаз» институты құрылды. 2023 жылдың қазан айында университеттің жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті болып қайта құрылды. 

Факультеттің мақсаты педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге. Қазіргі уақытта жаңғырту міндеттерінің бірі – білім алушылардың заманауи мектеп жағдайында зияткерлік мүмкіндіктерінің кең аясын дамытуға қабілетті, зерттеулер, рефлексия мен өз әріптестерімен өзара әрекеттер арқылы өз-өзін жетілдіруге дайын, жоғары академиялық білімдері, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктері бар мұғалімдерді даярлау жүйесін дамыту болып табылады.

Факультет миссиясы - Инновациялық педагогикалық тәжірибе негізінде адами капиталды дайындау және құндылықтары: ашықтық, тазалық, креативтілік.

Өз қызметінде факультет келесі принциптерді басшылыққа алады:

  1. Заңдылық және әлеуметтік міндет. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ҚР-ның қазіргі заңнамаларына, университеттің даму Стратегиясына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
  2. Өз ісіне берілгендігі мен Академиялық адалдық. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті педагогтың жеке адалдығын дамыта отырып педагогикалық кәсібіне берілгендік пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.
  3. Инновациялық және академиялық еркіндік. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті үнемі оқытудың студент орталықтандырылған, тәжірибеге-бағдарланған әдіс-тәсілдерін қолдануға ұмтылады.
  4. Ынтымақтастық – өзара әрекеттестік – креативтілік. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ынтымақтастық, өзара әрекеттестік және креативтік қызмет негізінде педагогтар мен білім алушылардың үздіксіз оқытылуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.
  5. Білім беру, ғылым және тәжірибенің кіріктірілуі. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Берілген Принциптерін белсенді түрде насихаттау және оны ұстану «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің қоғамдық санасында Академиялық адалдық аумағы ретінде қалыптасуына ықпал етеді. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің стратегиялық қызмет бағыттары:  

  • Педагогикалық білім беруді дамыту;
  • Академиялық саясат;
  • Инновациялық әлеуетті дамыту және оның жетістіктері;
  • Әлеуметтік жаңғырту және тәрбие.

Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Факультетте 5 оқу ғимараты, 1 жатақхана, 15 арнайы аудиториялар бар. Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Факультетте 2 компьютерлік класс, 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 10 заманауи интерактивті проектор және 1 мобильді LED жүйемен жабдықталған.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінде ғылыми және салалық академия мүшелері мен байқау лауреаттары болып табылатын профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Кешендер институттың үздік бітірушілерімен ұдайы толықтырылып отырады.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті тұрақты түрде «Жыл маманы», «Сала көшбасшысы», «ЖОО Үздік оқытушысы», «Үздік педагог», «Ең үздік ғылым кандидаты», «Құрмет грамоталары», «Алғыс хатттармен» және т.б.  номинациялар бойынша ұлттық сертификаттарға ие.

Факультет студент бойында тұлғалық, әділдік, кәсіби борышына адалдық және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау сынды құндылықтар мен ұстанымдарды дамытуға ұмтылады.

Досымжан Таңатаров

Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Кұрмаш Махан

Композитор, әнші

Тахмина Әшімбекова

Әнші, XIII халықаралық “Азия дауысы” фестивалінің лауреаты

Бейбіт Сейдуалиева

Әнші

*Шынжарбекова  Сандуғаш Баяхметовна.  Полиция Департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психологы (келіссөз жүргізуші), полиция капитаны. ТарМУ, 2005-2009 ж.ж.  

*Шайхиева Жанель Сабыруллаевна бас құтқарушы-психолог ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті жедел-құтқару жасағы.                       М.Х.Дулати атындағы Университеті 2005-2009 ж

*Сағындық Таңшолпан Арманқызы 2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5В050300 – «Психология» мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, психология және әлеуметтік білімдер бакалавры дәрежесін алды.

2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 6М050300 – «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға қабылданып, 2020 жылы психология мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. Ғылыми-зерттеу қызметі барысында 12 ғылыми мақала жариялап, 1 монография және 1 оқу құралын жарыққа шығарды. 2023 жылы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына психолог маманы ретінде жұмысқа орналасып, қазіргі таңда аталған мекемеде психолог қызметін атқарып келеді.

*Мұсаева Әсел Қайбуллақызы 2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің 6В03111-“Әлеуметтік салдағы психология” мамандығына оқуға түстім,2025 жылы оқу тәмамдап, психология және әлеуметтік білімдер бакалавры дәрежесін алдым,  Қазақстан Республикасының Арбадағы спорттық биден  Алтын және күміс иегері. 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде педагогика және психология мамандығына магистураға оқуға түсті 2026 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде  Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласы бойынша психолог маманы қызмет атқаруда

*Полиция лейтенанты Асылғали Айкоркем Асылғалиқызы ҚР ІІМ Жамбыл облысының ПД Тараз қаласы ПБ ППБ инспектор психологы. 03.07.2025 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін “Әлеуметтік саладағы психология” мамандығын үздік бітірген. Қызыл диплом иегері.

13.12.2025 жылы ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығын Шымкент қаласында алғашқы кәсіптік даярлық курстарынан өткен.

*Шарафи Аружан Айдосқызы 2016–2020 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Психолог» мамандығы бойынша бітірді.

2021–2024 жылдар аралығында балабақшада “Психолог” қызметін атқарды. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап №3 «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінде әдіскер қызметінде жұмыс атқарады.

*Әділет аға лейтенанты Әнеш Ерланқызы Базарқұл

ҚР ІІМ ҚАЖК # 72 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік - психологиялық жұмысы бөлімінің, психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы. 05.01.2021 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Психология” мамандығы бойынша бітірген.15.05.2024 жылы ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясын “құқық қорғау қызметі” мамандығы және ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалаврын бітірген.

*Төлбасы Жансая Сатылханқызы 2016–2021 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Психолог» мамандығы бойынша бітірді. 2023-2024 жыл аралығында  "Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Психолог» қызметін атқарудамын.

*Кабиден Камила Еркинкызы 2009-2013 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогика-психология» мамандығында оқыды, 2017-2019 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Психология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2014-2017 жыл аралығында Тараз қаласы, облыстық «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектепте» педагог-психолог қызметінде жұмыс атқарды, 2022-2026 жыл аралығында Орал қаласындағы, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалында педагог-психолог қызметін атқарып келе жатыр.

*Даирова Айгерим Аскаровна  2011-2015жж М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Психология» мамандығында оқыды. Үздік қызыл диплом иегері. 2015-2020жж. Тараз қаласы №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында психолог қызметін атқарды. 2020 жылдан бастап №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында әдіскер қызметін атқарып келе жатыр. 2024 жылы Республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының  І орын иегері атанған.

*Сағындық Индира Ерланқызы 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5В050300 – «Психология» мамандығына оқуға түсіп, 2019 жылы аталған оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдап, «Психология және әлеуметтік білімдер» бакалавры дәрежесін алды.

2019 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 7М03111 – «Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы» білім беру бағдарламасы бойыншағылыми-педагогикалық бағытта магистратураға қабылданып, 2021 жылы психология мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар магистрі» дәрежесі берілді.Ғылыми-зерттеу қызметі барысында 6 ғылыми мақала жариялады.

2021 жылы Жамбыл облыстық білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының «Qabilet» қызметі бөлімінің психолог маманы ретінде жұмысқа орналасып, қазіргі таңда аталған мекемеде әдіскер-психолог қызметін атқарып келеді. Қызмет барысында «І Республикалық психологиялық форум-семинарға» қатысып арнайы сертификат алып, республикалық оқыту семинарларында сертификат-дипломдар мен білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған.

 

Факултет  ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының саясаты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық-педагогикалық ғылымдары саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған. Жұмыс берушілермен бірлесіп орындалған ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері ЖОО білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізілуде. ҒЗЖ және СҒЗЖ өз алаңында белсенді зерттеу және жоба қызметіне дайын талантты жастарды біріктіреді. Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 5 ғылыми жоба қаржыландырылған. Биылғы оқу жылында институт ғалымдары тарапынан 7 монография басылып шыққан. 432 ғылыми мақала, оның ішінде 280 халықаралық басылымдарда, нөлдік импакт-фактор журналдарында оқытушы-профессорлық құрамның 22 мақаласы жарық көрген. СҒЗЖ  бойынша конференцияларға қатысқан студенттер саны 249, көрмелер мен байқауларға қатысып, жүлделі орын алғандар саны 56, соның ішінде халықаралық 13, республикалық 30, жергілікті 13. Факультетте  12 ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. СҒҮ қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың ғылыми зерттеулерге қатысу жолымен, әр студент үшін өзінің қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Факултетте 14 бакалавриат, 8 магистратура бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.

Студенттер контингенті 1645 адамды құрайды (грантта оқитындар саны 574 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: New Castle университеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады.

Факультетте дуалды оқытудың элементтері бірқатар білім беру бағдарламасымен іске асырылуда. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» бойынша - «Інжу» балабақшасы мектепке дейінгі білім мекемесінде және №33, №35 орта мектептерінде өтеді. Қазіргі уақытта факультеттің жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынас жасасуы үшін дуалды оқыту бойынша оқу, ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда кафедралардың 17 филиалы қызмет етеді.

Факультеттің  басты міндеттерінің бірі жастардың бойында жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымын, патриоттық сезімі мен жауапкершілігін жоғары жастарды тәрбиелеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру.

Факультеттегі  студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жұмысы бойынша белсенді студенттерінің бастамасымен «Жас көшбасшылар қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың мақсаты: Жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік – мәдени, профессионалдық, саяси – құқықтық, рухани және физикалық құндылығын дамыту. Факультет  жастарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарды қоғамдық саяси өмірге тарту. Қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға ат салысатын жастарды қолдау.

 

                   

 

 

 

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің білім беру бағдарламалары:

Бакалавр:

  • 6В01101-Педагогика және психология;
  • 6В01103 – Психология (IP);
  • 6В01202 - Мектепке дейінгі білім беру (IP);
  • 6В01302 - Бастауыш білім беру (IP);
  • 6В01907 - Арнайы педагогика (IP);
  • 6B02120 - Кино және медиа;
  • 6B02121 - Актерлық өнер;
  • 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау;
  • 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • 6В01801-Әлеуметтік педагогтерді даярлау;
  • 6В01901-Логопедия;
  • 6В01907-Арнайы педагогика ІР;
  • 6В01903-Арнайы педагогика-Дефектология;
  • 6В01904 –Тәрбиеші.Мектепке дейінгі білім берудегі логопеді;
  • 6В01905-Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен;
  • 6В03111-Әлеуметтік саладағы психология;
  • 6В11115-«Мәдени-тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссура»;
  • 6В11116-Мәдени-тынығу қызметі: бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық;
  • 6В11117 -Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы;
  • 6В02101-«Хореография»;
  • 6В01402-«Музыка мұғалімдерін даярлау»;
  • 6В01403 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау; 
  • 6В01412 – Көркемдік білім беру (IP);
  • 6В01420 – Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP). 

Магистратура:

  • 7М01101-Педагогика және психология;
  • 7М01103-Білім беруді басқару психологиясы;
  • 7М01105-Білім берудегі менеджмент;
  • 7М01801-Әлеуметтік педагогтарді даярлау;
  • 7М01804-Әлеуметтік және арнайы педагогика мамандарын даярлау;
  • 7М03111-«Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы», ғылыми және педагогикалық бағыт;
  • 7М01107- Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық.
Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы
Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультет деканы 51-40-13 87028231721 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Дуйсенбеков Еркебулан Бакытжанович Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-40-13   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Джумашева Айгуль Серикхановна

Оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-40-13 87053946462 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Асанқызы Айдана

Тәрбие жұмыстары жөніндегі факультет деканының орынбасары 51-40-13 87478388820 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Сурабалдиева Бахыт Турсыновна Ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-40-13 87476826860 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Токтарбаева Гульвира Мырзагалиевна

Маман

  87056152776 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Факультет жаңалықтары (Педагогика)