Оқу-әдістемелік бөлімі - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрылымдық бөлімі. Академиялық саясат жөніндегі департаментке қарайды. Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру үшін ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық, нұсқаулық және оқу-әдістемелік жұмыстар саласы бойынша Ғылыми кеңестің, ректораттың және Университет Жарғысының ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі мақсаты - білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Білім беру үдерісінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- Білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру;
- Оқытушы-профессорлар құрамы әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- Университеттің перспективалық даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру;
- Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау;
- Оқу үдерісінің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау.