Бөлімнің мақсаты
Бөлімнің негізгі мақсаты университеттің даму бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарын іске асыру үдерісін әзірлеу, үйлестіру, мониторингтеу, университеттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу болып табылады.
Бөлім бағыттары
Бөлімнің қызметі 2 негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Университеттің даму бағдарламасын және даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сүйемелдеу, үйлестіру және іске асыру процесін мониторингілеу;
- Даму бағдарламасында және басқа да заңнамалық құжаттарда айқындалған университет қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу, университеттің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және кемшілік салдардың алдын алу.