Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы

loading...
Сипаттама
Басшылық және қызметкерлер
Нормативтік құжаттар

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы – М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады және тікелей тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорына бағынады. Орталық өз қызметін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық және өкім етілген құжаттарын, халықаралық және мемлекеттік стандарттарды, университет Жарғысын және бөлімнің Ережесін басшылыққа алады.

Дарынды жастарға қолдау көрсету, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Даму стратегиясы жоспарының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша жүргізілетін сабақтардан тыс кезде жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында университетте Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы қызмет атқарады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

- шығармашылық студиялар мен ұжымдардың қызметін ұйымдастыру;

- дарынды, қабілетті жастарды анықтап, шығармашылық студияларға тарту; - оқытушылар мен студенттерге университеттің мәдени-көпшілік іс-шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, облыс, қала көлеміндегі іс-шараларға креативтік, жаңаша тәсілдемелер қолданып, белсене қатысып, университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту;

- жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру;

- шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне, мәдени-көпшілік іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру;

- университет түлектері - болашақ мамандар дүниетанымы кең, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау;

- орындаушылардың мәдени және кәсіби деңгейін шыңдау;

- облыстық, қалалық байқауларға қатысуына мүмкіндік жасау;

- студенттердің эстетикалық талғамын, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдени, шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру.

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығы туралы ереже

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар ЕСЕБІ