Университеттегі сыбайлас жемқорлық – білім беру процесінің негізін әлсіретіп, оқу ордасынан тыс кәсіби және әлеуметтік ортаға таралатын зиянды өзгерістерге жол ашады.
Комплаенс қызметінің миссиясы – сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, адалдық пен әділеттілік мәдениетін қалыптастыру, университеттің беделін қорғау және қауіпсіз, ашық әрі әділ білім беру ортасын құру.
Біздің мақсатымыз:
Антикоррупциялық комплаенс-қызметінің негізгі мақсаты – Қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, антикоррупциялық стандарттар мен ISO 37001:2025 халықаралық стандартын енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау және жемқорлық көріністеріне жол бермеу.
Міндеттері:
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесін тиімді іске асыру;
- Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстарын қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптарды және үздік халықаралық тәжірибені сақтау;
- Қоғам тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және ескерту құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтау;
- Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (жемқорлыққа төзбеушілік пен жағымсыз көзқарас);
- Қызметкерлер мен білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңестік қолдау көрсету, сенім телефоны арқылы немесе жеке кездесулерде сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламаларды қабылдау.