Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі (ҒЗҚБ) М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаментінің бөлімшесі болып табылады
ҒЗҚ бөлімі меншіктің түрлі түріндегі ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру үрдістерін терең ұғыну және ғылыми негіздеуге, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті ғылыми және практикалық қызметтің өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
ҒЗҚБ негізгі міндеттері:
- ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс - қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- жасаушылардың зияткерлік меншігін және авторлық құқығын қорғау арқылы ЖОО ғылымын нығайту және дамыту үшін жағдай жасау;
- университет ғалымдарының және басқа да жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми-техникалық жетістіктерін насихаттау;
- университет қызметінің бейіні бойынша оқу және ғылыми мекемелермен, шет елдердің өндірістік фирмаларымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
- оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми қызметке тарта отырып, университет кафедраларында оқу жұмыстарымен ғылыми зерттеулердің тығыз байланысын орнату;
- білім беру, ғылыми және инновациялық үдерістерді интеграциялау негізінде университеттің ғылыми-зерттеу саласындағы инновациялық және халықаралық қызметін дамыту;
- оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді ғылыми-инновациялық қызметке тарту;
- студенттік инновациялық құрылымдарды дамыту;
- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
- конкурстар, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу.