Мақсаты:
Басқарманың басты мақсаты институт пен факультеттерде әлеуметтік-тәрбие жұмысын басқару, ұйымдастыру және бақылау болып табылады. Тәрбие үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу, студенттер қозғалысын есепке алу және әлеуметтік – тәрбие жұмысы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен өзара тығыз байланыс жасау
Міндеттері:
- университет қызметкерлерімен, студенттермен әлеуметтік жұмыс саласындағы университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлауды, бақылауды үйлестіру;
- әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттер мен Университет қызметкерлерінің мәліметтер базасын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуі;
- ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің сапасы мен олардың әлеуметтік қызметке мұқтаж студенттер мен қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкестігінің нәтижелерін талдау (ары қарай- контингент);
- контингенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және тұрмыстық қызметтерді қоса алғанда, қызмет көрсету ұйымдарымен байланыс орнату;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- студент жастардың діни сауаттылығын арттыруға ықпал ету және экстремизмнің алдын-алу шараларын жүргізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесін дамытуға ықпал ету;
- суденттердің тұлғалық қалыптасуына бағытталған іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалау;
- студенттерді жатақханаға орналастыру және шығару бойынша жұмысты үйлестіру;
- еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерінің, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық -гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
- студенттердің университетпен келісім шартта бекітілген құқықтары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
-студенттерді факультеттік және жалпы университеттік іс-шараларға қатысуға тарту;
- профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық топ кураторларының әлеуметтік-тәрбие жұмысын үйлестіру және бақылау;
- институттар мен факультеттер кафедраларының тәрбие жоспары мен өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау;
- мүмкіндігі шектеулі, психологиялық дамуы тежелген студенттерді анықтау;
- инклюзивті түрде оқитын студенттерге әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету, ата-аналарға кеңес беру;
- университетте мүгедектігі бар студенттердің имиджін жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
- университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру.
Әлеуметтік жұмыс басқармасы 7 бағытта үйлестіру жұмыстарын жүргізеді:
- Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
- Жастар саясаты;
- Азаматтық – патриоттық тәрбие;
- Рухани – адамгершілік тәрбие;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық тәрбие
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Студенттердің шығармашылығын дамыту