заманауи білім беру технологияларын
- Инновациялық қуаттың өсу принципі негізінде заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, ашық сабақтар құрылымы мен құрамын жасау;
- Оқыту технологиялары әдістер мен практикалар жиынтығын: жеке бас ерекшеліктерін дамытуға арналған технологиялар, сондай-ақ өзін-өзі дамыту және оқытудың дербес жобалау бағдарламаларын дамыту;
- «ЖОО үздік мультимедиялық өнімі» байқауын ұйымдастыру;
- Үш тілде білім беруді ендіру және жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ПОҚ ағылшын тілінде сабақ жүргізу бойынша жұмыс жүргізу;
- РОӘС оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыстары бойынша мәселелерді үйлестіру.
Үш тілде білім берудің мақсаты
Үш тілде білім берудің мақсаты - көпұлтты және көп мәдениетті кеңістікте белсенді өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті, мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін тілдік ортаны, жалпы адамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, көптілді тұлғаны қалыптастыру.
Үш тілде білім берудің міндеттері
Үш тілде білім берудің міндеттері:
- университетте үштілді білім беруді енгізу үшін құқықтық құжаттарды әзірлеу;
- үштілді білім берудің оқу-әдістемелік базасын жетілдіру;
- үштілді білім беруді енгізу үшін оқу және ұйымдастырушылық жағдай жасау;
- университетте үштілді білім берудің жүзеге асырылуын бақылау, шет елдерде үштілділікті қалыптастырудың озық тәжірибелері мен әдістерін зерттеу;
сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге арнайы бөлімдерде оқитын студенттердің жіберілу сұрақтарына көмек беру.