Неге біз?

Біз университет өмірі тек оқу ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму, мансап пен болашақ екенін жақсы түсінеміз. Сол себепті біздің университетте студенттерді қолдаудың кешенді жүйесі құрылған:

  • Қаржылық қолдау
  • Академиялық қолдау
  • Мансаптық даму
  • Психологиялық және әлеуметтік қолдау
  • Көшбасшылық пен студенттік белсенділікті дамыту
  • Заманауи цифрлық сервистер

Біз әрбір студент өзін заманауи әрі қарқынды дамып жатқан кеңістіктің бір бөлігі ретінде сезініп, оқу, ғылыми жаңалықтар ашу және қызықты өмір сүру үшін барлық мүмкіндік жасалуын қамтамасыз етеміз:

  • Цифрлық білім беру ортасы
  • Инновациялық зертханалар мен FabLab-орталық
  • Деректер орталықтары
  • Ғылыми парктер мен технополистер
  • Коворкингтер
  • Мультимедиялық және бейнестудиялар
  • Конференц-залдар мен смарт-аудиториялар
  • Демалыс және шығармашылық аймақтары
  • Заманауи спорт кешендері Кампустың эко-кеңістігі
  • Кампустың эко-кеңістігі

Біздің университетте білім сапасы – басты басымдықтардың бірі. Біз академиялық дәстүр мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз.

  • Заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламалары
  • Кәсіби оқытушылар құрамы
  • Оқытудағы заманауи әдістер мен технологиялар
  • Мониторинг және кері байланыс
  • Танылу мен аккредитациялар