Техникалық қолдау және IТ қолдау орталығы, (әрі қарай ТСҚIТҚО) университеттің отыз бес жылдық тарихы бар құрылымдық бөлімі. Орталық білім беру және әкімшілік қызметтеріне ақпараттық технологияларды еңгізу үшін арналған.
ТСҚIТҚО мақсаты - университеттің өндірістік процесінде ақпараттық технологияларды еңгізу, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Цифрлық университет» тұжырымдамасын жүзеге асыруына қатысу. Сонымен қатар:
- университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, университеттің корпоративтік желісін дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- университеттің барлық құрылымдық бөлімшелер және компьютерлік кластарда техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу және жаңарту, бағдарламаларды орнату, профилактикалық жұмыстар жасау;
- компьютерлік кластардың материалды құндылықтарын сақтау мақсатында қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету;
- «Платон» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысын бағдарламалық және техникалық сүйемелдеу;
- "Цифрлық Университет" тұжырымдамасы шеңберінде «DEMEY» жобасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізу;
- іске асырылған Электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу жобасын бағдарламалық техникалық сүйемелдеу;
- әр түрлі оқу жабдықтарын монтаждау және орнату: стационарлық мультимедиялық кабинеттер, лингафондық зертханалар, бейне, конференцбайланыс және акустикалық жүйелер;
- университетте өткізілетін іс-шараларды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оқу процесінде пайдалану үшін мультимедиа-материалдарды, цифрлық оқу құралдарын жасау;
- белсенді желілік жабдықты, VPN, Wi-Fi қосылымын икемдеу;
- талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жаңа түйіндерін жобалау;
- Деректерді табыстайтын жаңа түйіндерін жоспарлау, әзірлеу және орнату.;
- ақпараттық қауіпсіздікті және университеттің корпоративтік желісінің IT-қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- кабельдік және сымсыз желілер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстар жасау;
- компьютерлік және оргтехникасының жоспарлы-алдын алу, жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру. Компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру;
- барлық деңгейдегі компьютерлік техниканы жаңғырту
- жаңадан келген компьютерлік техниканы қабылдау, орналастыру және пайдалануға беру жұмыстарына қатысу;