Факультет жаңалықтары (Экономика)

2025 жылғы 28 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының ұйымдастыруымен  Тараз қаласы және Жамбыл облысының студенттері, мектеп оқушылары және колледж білім алушыларының арасында «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар арасында келесідей орындар берілді:

 

1 орын / 1 место

Актуальные проблемы предпринимательской деятельности в РК

Еркін Айзере - многопрофильная гимназия №41 имени А. Пушкина

научный руководитель - Баталина Татьяна Вячеславовна

 

2 орын / 2 место

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелері

Жақыпбек Нұркелді –  №66 орта мектебі, 9 сынып ғылыми жетекшісі – Карымсакова Динара Болатбековна

 

Қазақстан экономикасындағы кәсіпкерліктің орны және оны дамыту мәселелері

Рысбек Нұрай Серікқызы – Қаратай Тұрысов атындағы  №53 мектеп гимназиясы, 9 «А» сынып

ғылыми жетекшісі – Шакірбаева Салтанат Ерікқызы

 

3 орын / 3 место

Актуальные проблемы предпринимательской деятельности в РК

Мамбеталиева Арина Абибулаевна - многопрофильная гимназия №41 имени А. Пушкина

научный руководитель - Жаксылыков Бауржан Расылханович

 

Актуальные проблемы предпринимательской деятельности в РК

Фахлулова Дарина Халисовна – гимназия №40

научный руководитель - Бушуева Дарья Васильевна

 

«Цивилист»  ҒЗҮ жетекшісі                                                       Т.У. Махан

Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында  «Балаларға қамқорлық» қайырымдылық іс- шарасы  өтті.

Қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтініде рас.
 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қазанның 22-күні  Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Елу жылда - ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, аналар кеңесінің төрайымы Жантаева Ардақ Мықтыбекқызының , кафедра ұжымының қолдауымен облыстық Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында    шарапаты мол қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып өткізілді. Іс-шараның мақсаты мұқтаж жандарға қайырымдылық пен рухани демеу беру болатын. Орталық ғимараттың ауласындағы балалар алаңына арнайы  газон сыйға тартылды. Кездесу барысында аталған мекеме басшысы Шлыкова Марал Мұхаммедсафақызы  және ұжым қызметкерлері мен ата-аналар бірігіп  университеттен келген қонақтар алдында сөз сөйлеп, ыстық ықыластары мен алғыстарын  білдірді. Мекеме қызметкерлерінің ауыр жұмыстарымен танысып, оларға келешекте  жаңа табыстар  тіледі.

Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ!

 Экономика және құқық факультетінде «философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттері арасында «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы және саяси қызметі» тақырыбына Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Экономика және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар философия және саясаттану кафедрасының оқытушылары сабақ беретін бірқатар факультеттің студенттері белсене қатысты.

Режеп Оразбайұлы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінің басқа да қырларына тоқталып, шолу жасаса, Дина Дүйсебайқызы Тұңғыш Президент күнінің саяси маңызына және оның еліміздің тәуелсіздігімен тығыз байланысты екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар еліміздің саяси құрылымын реформалауда, жаңа Конституцияның қабылдануында, мемлекетіміздің рәміздерін, оның ішінде әсіресе Қазақстанның жаңа Гимнін қабылдауда, ұлттық валютамыз теңгені белгілеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбек сіңіргені даусыз екендігін атап кетті.

Жиынға қатысқан студенттер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінің өздеріне беймәлім жаңа қырларына қанық болды.

Режеп Оразбайұлы Баярисов

«Философия және саясаттану» кафедрасының

аға оқытушысы

Экономика және құқық факультетінің "Green Garden" жобасы аясында ұйымдастырылған  көк алдандыру жұмыстары жүзгізілді.

Аталмыш жобаға "Jas Otan" JQ ұйымы, "Biz Birgemiz" волонтерлық ұйымы қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты қолымыздан келгенше, өз қаламыздың жандануына және тұрғындарының таза ауамен өмір сүруіне, өз үлесімізді қосу.

Экономика және құқық факультетінің деканны Қайрат Асылбекұлы бас сөзін бастап студеттермен бірге тал егуге көмек көрсетті.

Біздегі ниет -өскелең ұрпақты қоршаған ортаның тазалығы мен салауатты өмір салтына дағдыландыру.

2020 жылдың 1 қараша күні «Экономика және құқық» факультетінің студденттері және «Біз Береміз» волонтерлары мен қосылып.

Шөлдала ауылындағы Айсұлу Ержигитованың үйіне барып,бір жылға жетерліктей әлеуметтік көмек көрсетті. Жамбыл облысы бойынша қоғамдық қор ашылып, қаражаттар жиналған болатын.

Қайырымдылық мейірімділік секілді асыл қасиеттерді факультет студенттері арасында дәріптеу; Жағдайы төмен жандарға қол ұшын созып, көмекке зәру адамдарды қолдауды дамыту.

«Философия және саясаттану» мен «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби мұрасы және Ақжан Машани зерттеулері» тақырыбында онлайн форматта философиялық сұхбат өткізілді.

Сұхбатқа елімздің жоғары оқу орындарының философ-ғалымдары, атап айтқанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Философия» кафедрасының доценті Сәкен Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доценті Сайраш Сапарғалиева , Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті Мавлуда Рахимшикова, осы кафедраның аға оқытушысы, философия магистрі Нұрсұлтан Дүйсен мен университет студенттері қатысты.

Іс-шараны доцент Дина Кульбава жүргізіп отырды. Ұлы бабамыз Әл-Фараби мұрасын зерттеуде, оның Қазақстан аумағындағы Фараб қаласынан шыққан түркі ғалымы екендігін дәлелдеуде өте көп еңбек сіңірген ғалым Ақжан Машанидың зерттеулері жайында сөз қозғалып, доцент Сәкен Омаров, профессор Тәуекел Жаңақұлов, доцент РасилханДжуншеев, философия магистрі Нұрсұлтан Дүйсен , доцент Таирова Бағила , аға оқытушы Режеп Баярисов доцент Мейірхан Спанов, доцент Гулхан Болатбекқызы өз ойларын ортаға салды.

Сұхбат барысында ғалым, ұлт жанашыры Ақжан Машанов бастаған зерттеулердің маңызы мен оның ары қарай жалғасын табуы қажеттілігі туралы айтылды.

Медиа- қызмет

Экономика және құқық факультетінде «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен zoom платформасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына арналған «Тәуелсіздік – өркендеуіміздің басты кепілі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі  Дина Дүйсебайқызы кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жарияланғанына тоқталып, мақалада баяндалған Тәуелсіз Қазақстанның басып өткен белестері мен еліміздің болашаққа бағдары жайлы ойларға шолу жасап, түсінік беріп өтті.

Келесі сөз кезегін алған философия және саясаттану кафедрасының профессоры Тәуекелбек Жұмабекұлы тәуелсіздік ең басты құндылығымыз екендігін тілге тиек етіп, оны бағалап қастерлей білуіміз керектігіне тыңдаушылардың назарын аударды. Сонымен қатар ол соңғы кезде кейбір ресейлік саясаткерлердің еліміздің тұтастығына күмән келтіретін келеңсіз пікірлерін сынға ала отырып, оларға батыл тойтарыс беру қажеттігін айтты.

Одан кейін сөз сөйлеген аға оқытушы Режеп Оразбайұлы мақаланың «Таным және тағылым» атты тарауына талдау жасап, түсінік беріп кетті. Президент өз мақаласында халқымыздың тарихи санасын жаңғыртудың маңыздылығы жайлы айтып өткен болатын. Бұл мақсатқа жетуде әсіресе тарихи тақырыптарға арналған фильмдердің атқарар қызметі жоғары. Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында «Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет» деп атап айтқан болатын. Бұл мазмұны терең сындарлы ой өнер қайраткерлерінің назарында болуы тиіс. Режеп Оразбайұлы сонымен қатар мемлекет басшысының тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған Алаш қайраткерлері жайлы айтқан сөздеріне тоқталып, атап өтті.

Келесі сөз сөйлеген философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Болатбекқызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласындағы «Ұлағат пен ұстаным» атты тараудың мазмұнына тоқталып, шолу жасап өтті. Президент өз мақаласында «Соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келеді» деп көрсеткен болатын. Сондықтан да Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – қоғамдағы осы сұранысқа тікелей жауап болып табылады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн» деп атап өтті. Сол себепті алдағы уақытта елімізде ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшетіндігімізді жария етті. Президент өз сөзінде «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп, мақсатымызды айқындап атап өтті.

Жиын соңында  кафедра меңгерушісі Дина Дүйсебайқызы дөңгелек үстелдің барысын қорытындылап, ол мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының мазмұнын алдағы уақытта студенттер арасында да түсіндіру қажет екендігін айта отырып, дөңгелек үстелге қатысушылардың істеріне табыс тілей отырып, өз сөзін аяқтады.

Режеп Баярисов «философия және саясаттану»

кафедрасының аға оқытушысы