Факультет жаңалықтары (Филология)

Открытое занятие преподавателя Букеновой Ж.С. 11 марта 2026 года В рамках дисциплины «Русский язык 2» проведено открытое занятие на тему «Письменная деловая коммуникация». Что изучили на занятии? 1. Основные формы деловой коммуникации 2. Отличия деловой переписки от бытовой 3. Ключевые правила эффективного общения Студенты активно участвовали в обсуждениях, выполняли задания и приобрели полезные навыки для будущей профессиональной деятельности! Деловая коммуникация является одним из важнейших способов коммуникации, с помощью которого осуществляется коммуникация между членами общества. Под деловой коммуникацией понимается письменное взаимодействие между отдельными организациями, государственными и частными предприятиям и т.д. Четко действующие коммуникативные схемы помогают решению всех проблем, с которыми сталкивается организация. Именно поэтому овладеть секретами письменной деловой коммуникации – значит стать человеком, успешным в своей профессии.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары Биназарова Назым Нұрланқызы мен Сентаева Рита Темірбекқызының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді .

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында Дулати университеті стартап-байқауының бірінші кезеңі өтті. Е.С. Шмакованың жетекшілігімен РЯ 25-2,4 тобының бірінші курс студенттері қызықты, өзекті әрі болашағы зор «Digital Чехов. Webtoon» жобасын таныстырды.

Жобаның өзектілігі А.П. Чеховтың күрделі әдеби мұрасын ақпаратты смартфон экраны арқылы тұтынуға дағдыланған заманауи «цифрлық» ұрпақтың қабылдауына бейімдеу қажеттілігімен байланысты. Жобаның жаңалығы — түпнұсқа мәтіннің психологиялық тереңдігін сақтай отырып, авторлық ремаркалар мен символдарды динамикалық визуалды қатарға айналдыру және чеховтық мәтін астарына филологиялық деконструкция жасау.

Жобаның ауқымын кеңейту әлеуеті жоғары. Дайын комикстерді мектептер мен колледждер үшін қосымша оқу материалы ретінде пайдалану жоспарлануда. Қазылар алқасы стартаптың өзектілігі мен коммерциялық әлеуетін жоғары бағалады. Жобаны монетизациялау цифрлық өнімдерді білім беру процесіне енгізу арқылы жүзеге асырылады, бұл оны филологтар үшін ғана емес, жалпы EdTech нарығы үшін де тартымды етеді.

Жас зерттеушілерімізге шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілейміз!

 

Факультетіміздің студенттері педагогикалық практиканы сәтті өтуде

«Әлем тілдері» кафедрасының 4 курсының таныстыру конференциясы

Академиялық ұтқырлық аясында "Әлем тілдері" кафедрасының оқытушылары тәжірибе алмасып, шетелдік университеттерде дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Семинар жұмысына  «Әлем тілдері»  кафедрасының  меңгерушісі Құдабаева П.А. және өндірістік практика жетекшісі, аға оқытушы Зейнебекова М.С. қатысты. кездесу барысында қатысушыларға оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, жобаларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ өзекті және тәжірибеге бағытталған тақырыптарды таңдау бойынша ұсыныстар ұсынылды.

2026 жылғы 18–20 ақпан аралығында «Журналистика және филология» кафедрасының оқытушысы Еркебаева Гүлдана Саматқызы «6В03212 - Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге ЮНЕСКО жариялаған Дүниежүзілік радио күніне арналған XIII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебіне қатысты.