ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ: QS 2025 ОРНЫҚТЫ ДАМУ РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА КӨШБАСШЫ!
Біз Дулати университеті (М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті) QS 2025 орнықты даму рейтингінде дебют жасап, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көптеген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша көшбасшылықты көрсеткенін мақтанышпен хабарлаймыз.
QS Quacquarelli Symonds, жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі бүгін 2025 жылғы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымын-QS Sustainability Rankings 2025 жариялады.
QS Sustainability Rankings 2025 рейтингіне 107 ел мен аумақтан 1743 жоғары оқу орны кіреді.
Университеттерді "қоғамдық ықпал", "қоршаған ортаға әсер ету" және "басқару моделі" сияқты индикаторлар бойынша бағалай отырып, рейтинг жоғары оқу орындарының қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге қосқан үлесін бағалауға бірегей мүмкіндік береді.
Негізгі жетістіктер:
* Жалпы рейтинг: 1501 + әлемдегі ең үздік 1743 университеттің қатарында.
* Азиядағы Рейтинг: 661 университеттен 545 орын.
* Қазақстандағы Рейтинг: Қазақстан рейтингіне енген 17 жоғары оқу орнынан 15 орын.
* Жалпы әлеуметтік тұрақтылық: Қазақстанда 3 орын.
* Жалпы экологиялық әсер:Қазақстанда 4 орын.
Негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшылық:
* Экологиялық әсер:
* Экологиялық зерттеулер: Қазақстанда 1 орын.
* Экологиялық білім:Қазақстанда 8 орын.
* Экологиялық тұрақтылық: Қазақстанда 10 орын.
* Әлеуметтік әсер:
* Денсаулық және әл-ауқат:Қазақстанда 1 орын.
* Білім берудегі ықпалы: Қазақстанда 2 орын.
* Жұмысқа орналасужәне жаңа мүмкіндіктер:Қазақстанда 3 орын.
* Алмасу:Қазақстанда 4 орын.
* Теңдік: Қазақстанда 4 орын
* Басқару: этикалық басқарудың ашықтығы мен жоғары деңгейін растай отырып, Қазақстанда 14 орын.
Бұл нәтиже біздің жоғары стандарттар мен тұрақты дамуға деген ұмтылысымызды көрсетеді және Дулати университетінің Ғылыми зерттеулерге, сапалы білім беруге және қоғамның әл-ауқатын қолдауға қосқан елеулі үлесін растайды.
Бұл рейтинг біздің көшбасшылық ұстанымымыз бен Қазақстанда да, халықаралық аренада да оң өзгерістердің қозғаушы күші болуға деген амбициямызды көрсетеді.




