Автоматтандыру маманы шынымен энциклопедиялық білімге ие болуы керек. Жұмыс машиналары мен механизмдерін жобалаудың заманауи әдістері, күш жетектерінің электромеханикасы, басқару жүйелерінің электроникасы мен схемотехникалық шешімдері, микропроцессорлық және компьютерлік автоматтандыру құралдары, компьютерлік жүйелерді бағдарламалау ,робототехникалық және мехатроникалық жүйелер – мұның бәрі үнемі автоматтандырумен айналысатын инженердің назарында болуы керек .
Автоматтандыру жолында әлі де шешілмеген мәселелер мен міндеттер көп, онда ББ түлегі өзінің шығармашылық қабілеттерін қайда қолдана алады және оған біздің оқу орнымыз - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті көмектесе алады.
Серіктестер
«Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасындағы төрт білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерді кәсіптік тәжірибеден өтулерін қамтамасыз ету үшін келесідей мекемелермен келісім шарт жасалынған:
- «Казфосфат» НДФЗ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Қазақтелеком»ЮРДТ Жамбыл ТБС
- ЖШС «Таразкожобувь»
- ЖШС ‘KAZSTONEBOX’
- «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ
- Тараз қаласындағы "Транстелеком" акционерлік қоғамының филиалы - "Жамбылтранстелеком"
- «Казтелерадио» АҚ
Бітіруші түлек моделі
Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік