Жаңалықтар

Арта сарапшылары Дулати университетінде

2025 жылғы 13 қаңтарда жасалған №14-SA шартына сәйкес, 2025 жылғы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында университетімізде 39 білім беру бағдарламасына арналып мамандандырылған аккредиттеу өтті. Бұл үдерісті Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА-НААР) ұйымдастырды.

Аккредиттеуге 37 сыртқы сарапшы қатысты: 17-сі офлайн, 20-сы онлайн форматта.

Бірінші күні сарапшылар университет басшылығымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесу өткізді. 585 адам сұхбатқа қатысты. Сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға арналған сауалнама жүргізілді.

Сарапшылар бағдарламалардың өзін-өзі бағалау есептерін қарап, маңызды ұсыныстар мен ескертулер берді.

Екінші және үшінші күндері сарапшылар кафедралардың оқу-материалдық және өндірістік-практикалық базаларын қарап шықты, оқу үдерісін бақылады, ішкі нормативтік құжаттармен танысты.

Қорытынды кездесуде сарапшылар университетіміздегі дамудың жағымды өзгерістерін атап өтіп, келесі бағыттар бойынша маңызды ұсыныстар жасады:

  • білім беру бағдарламаларын жетілдіру
  • түлектерді жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру
  • жас кадрлар резервін қалыптастыру
  • академиялық ұтқырлық пен қос дипломды білім беруді дамыту
  • құрылымдық бөлімше басшыларына арналған оқу семинарларын ұйымдастыру
  • университет сайтына ақпаратты дер кезінде жаңартып, қолжетімділікті қамтамасыз ету
  • АРТА сарапшыларына кәсіби көзқарасы мен құнды ұсыныстары үшін алғыс айтамыз! Бірге алға баса берейік!