Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлері мен Технологиялық факультеттің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4-курс студенттері өндірістік нысанға экскурсия жасап, жұмыс барысымен танысты.
Кездесу студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, өндірістік үдерістердің нақты жұмыс істеу тетіктерін көрсету және кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында білімгерлер автоматтандыру жүйелерінің жұмыс қағидаларымен, заманауи технологиялық шешімдермен және өндірістік қауіпсіздік талаптарымен танысты.
Аталған тәжірибелік кездесулер болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне және мамандықты саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.

