Жаңалықтар

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

2–12 наурыз аралығында Черногория мемлекеті, Будва қаласында өткен халықаралық «Adriatic Pearl» атты бокстан Әлем кубогі турниріне Дулати университетінің 1-курс студенті Қалабай Ақжүрек қатысып, І орынға ие болды.

Турнирге әлемнің тәжірибелі спортшылары қатысып, бақтарын сынады. Ақжүрек Еркебекұлы барлық қарсыластарына қарсы табандылық пен шеберлігін көрсете отырып, финалдық кездесуде басымдық танытты. Жеңіс нәтижесінде ол ел намысын биікке көтеріп, халықаралық аренада Қазақстанның мәртебесін нығайтты.

Жеңімпазды және оның бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да табыс тілейміз, еліміздің атын әлемдік аренада биікке шығаруыңызға сеніміміз мол!