Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТІҢ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

Дулати университетінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея жастарының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған халықаралық қысқы мектептің жабылу рәсімі өтті. Салтанатты жиын оқу-академиялық және мәдени жобалардың табысты аяқталғанын қорытындылауға арналды.

Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова сөз алып, Корея Республикасынан келген еріктілерге университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы атынан алғысын білдірді. Өз сөзінде, PAS бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың білім беру мен мәдени алмасудағы маңыздылығын атап өтті. Корей еріктілерінің студенттерге корей тілі мен мәдениетін үйретуге қосқан үлесін айтып, мұндай халықаралық бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Корей делегациясының басшысы, профессор Ко Ен Ми Дулати университетінің студенттері мен оқытушыларына шынайы алғысын білдіріп, олардың халықаралық бағдарламаларға қатысуға көрсеткен қолдауын және ынтымақтастықтағы белсенділігін жоғары бағалады. Ол студенттермен тікелей қарым-қатынас жасап, корей тілі мен мәдениетін үйретуге қосқан үлесті ерекше ықыласпен жеткізді. 

Салтанатты шара барысында PAS бағдарламасының негізгі нәтижелері таныстырылып, қатысушылардың кәсіби және академиялық дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Бағдарлама аясында қатысушылар корей білім беру жүйесінің озық тәжірибелерімен танысып, кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және мәдениаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, білім беру, басқару және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы заманауи тәсілдер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталып, алғыс сөздер айтылды. Ұйымдастырушылар PAS бағдарламасының екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Жиын соңында тараптар болашақта да осындай халықаралық бағдарламаларды жалғастыруға және серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.